Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі

Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі

Сырдария ауданының төтенше жағдай­лар бөлі­мі тұрмыстық және жеке тұрғын үй секторларында орын алатын өрттердің жә­не адамның қаза болуын болдырмау мақ­сатында аудан тұрғындарын өрт қауіп­сіздігі ережелерін сақтауын ескертеді, атап айт­қанда:

– Үй ішінде темекі шекпеу;
– Жылыту маусымы кезінде пештің ақау­сыз жұ­мыс істеуін қамтамасыз ету;
– Пештің маңайында оңай жанатын заттарды қалдырмау;
– Пешті жағу үшін тез тұтанатын сұйық­тықты қол­данбау;
– Толық сөндірілмеген көмірді ағаштан жасалған заттың қасына тастамау;
– Қолдан жасаған электр қорғаныштарын қол­данбау;
– Электрленген сымдарды жөндеуде жә­не үйге электр жүйесін тартуда электр ма­ман­дарының көмегіне жүгіну;
– Электр қондырғыларды уақытылы тек­серістен өткізіп отыру;
– Балаларды қараусыз қалдырмау және оларды сырттан жауып кетпеу;
Пештерді түтін құбырларына қосу үшін:
1) Түтін шығарғыштың жоғары жағынан жан­­ғыш материалдардан жасалған төбеге дейінгі арақашықтығы, төбе жанудан қор­ғал­маған жағдайда 0,5 метр кем болмауы және қорғалған жағдайда 0,4 метр кем емес болуы қажет;
2) Түтін шығарғыштың төменгі жағынан жанғыш неме­се қиын жанатын материал­дардан жасалған еденге дейінгі арақа­шық­тық 0,15 м кем емес болуы қажет жағ­дайда ұзындығы 0,4 метр аспайтын түтін шығар­ғыштарды қарастыруға жол беріледі. Түтін шығарғыштарды отқа төзімділік шегін 0,75 метр және одан артық қамтамасыз етіп, жан­байтын материалдардан жасау қажет.
Шатырларды түтін каналдары өтетін бар­лық түтін құбырлары мен қабырғаларын (әктеу) ағарту қажет. Пайдалану кезінде: түтін шығарғыштар мен пештерді жылыту мерзімі басталар алдында, сондай-ақ бар­лық жылыту мерзімінде үш айда бір реттен кем емес күлден тазартыңыз.
Көмірқышқыл газымен уланудың бел­гі­лері:
Бас ауыру, құсу, жөтелу, бас айналу мен талу, шаршау және бағыттан адасу.
Әрдайым келесі шараларды қолданыңыз­дар:
– Мұржа құбырларының жұмыс жағдайын және олардың бітелмеуін тексеріңіз;
– Жылына 2 рет қатты отынмен жылытылатын пештің мұржасын арнайы дайын­дықтан өткен және құрал-жабдық­тарымен қамтамасыз етілген шеберді шақыру арқылы тазартыңыз.
Көмірқышқыл газымен уланудың себеп­тері:
– Автокөлікті сөндірмей кету;
– Түтін өткізгіштің бітелуі;
– Пештің ақаулығы.
Егер де өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақ­тасаң­ыздар, адам өліміне әкеліп соқтыратын түрлі өрттердің алдын алуға болатынын ес­кертеміз.
Өрт шыққанда немесе төтенше жағдай болғанда шұғыл түрде өрт сөндіру бөліміне «101», «112» немесе 21-2-00 телефонына хабарласып, жағдайды, мекен-жайын асық­пай, толық айтуы тиіс.
Ескерту: Қазақстан Республикасының Әкім­шілік құқық бұзушылық туралы кодек­сінің негізінде Қазақстан Респуб­ликасының 2014 жылғы 09 қазан­дағы №1077 «Өрт қа­уіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» қау­лысына сәйкес пешті салу және жағу кезін­дегі өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамауы бойынша әкімшілік жаза көз­­делген.
Сырдария ауданы төтенше жағдайлар бө­лі­мінде 21-4-94 номерлі сенім телефоны жұ­­мыс жасайды.

Сырдария ауданының
төтенше жағдайлар бөлімі
18 қаңтар 2022 ж. 408 0