Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Елдің бірлігі бәрінен маңызды

Елдің бірлігі бәрінен маңызды

Биылғы қаңтардың басы Қазақстандықтар үшін үлкен ауыртпалық әкелді. Лаңкестер әпсәтте дүниенің шырқын кетіріп, ел басына күн туды. Осындай сындарлы сәтте Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өткір шешімдер қабылдап, бейберекетсіздіктерді тоқтатуға батыл әрекеттер жасады. Соның нәтижесінде елімізде қатерлі қауіптің беті қайтты.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 11 қаңтар күнгі ҚР Парламент Мәжілісінде жаңа премьер-министрге еліміздегі бірқатар өзекті мәселелер шешуге тапсырмалар берді. Атап айтқанда, халықты шулатып жүрген кәдеге жарату төлемін алып тастау, жемқорлықтың ортасы болған "Қорғас" кеденінде тәртіп орнату керектігін қатаң тапсырды. Қазіргі таңда бұл өзекті мәселелерді шешуге батыл қадамдар жасалуда. Біздер "Nur Otan" партиясының мүшелері Мемлекет басшысының саясатын қолдаймыз. Осы жолда жұмыла жұмыс жасайтын боламыз.

Ш.НҰРСЕЙТОВ,
"Nur Otan" партиясы Сырдария аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы

13 қаңтар 2022 ж. 376 0