Азия ойындарында гандболшы қыздарымыз алғашқы ойынын өткізді
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында гандболдан әйелдер бәсекесі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, Қазақстан әйелдер құрамасы өз тобында өткен Азиаданың қола жүлдегері Қытаймен жолығып, 24:34 есебімен есе жіберді.
Отандастарымыз келесі ойынын ертең фавориттердің бірі саналатын Оңтүстік Кореяға қарсы өнер көрсетеді.









