Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Пиротехникалық заттарды пайдалану ережесі

Пиротехникалық заттарды пайдалану ережесі

Пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сақтау көтерме сау­да және шығыс қоймаларында штабельдер немесе ағаш төсемдерде және бөлшек сауда желісі қоймаларында сақ­талады.

Тұрмыстық мақсаттағы пиротехникалық заттар мен бұйымдардың бөлшек сауда­сы, оған тікелей күн сәулесінің және атмос­фералық жауын-шашынның түсуін болдыр­май, өнімнің сақталуын қамтамасыз ете­тін дүкендерде, дүкендердің бөлімдері мен секцияларында, павильондар мен дүң­гір­шектерде жүргізіледі. Сауда үй-жай­ла­рын пиротехникалық заттармен және бұйымдармен толтырудың тікелей нормасы сауда үй-жайының әрбір 25 шаршы метріне брутто бойынша 1200 келі пи­ротехникалық бұйымдар мен заттарға есептеліп белгіленеді. 333 келіден аспайтын тұрмыстық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды 25 шаршы метрден аз сау­­да үй-жайларында сақтауды және сатуды бір уақытта жүргізуге болады.

Өзіне-өзі қызмет көрсету дүкендерінің сауда үй-жайларында тұрмыстық пиротех­никалық заттар мен бұйымдарды сатуды тек мамандандырылған секцияларда са­ту­шы-консультант жүргізеді, сатып алу­шы­ларға тұрмыстық мақсаттағы пиро­техни­ка­лық бұйымдарды тікелей ұстау­ға болмайды. Сауда ұйымдарының (дүкендердің) қой­­ма үй-жайлары үшін – 5 000 келіден ас­па­уы тиіс.

Сақтау орындарын желдету үшін құлып­пен жабылатын торлы металл есіктер, ал терезелер мен желдеткіш қақпақтарына металл торлар мен торшалар орнатылады. Торлы есіктер мен торлардың көздері көлемі 150 мм х 150 мм аспауы, тор шы­бығының қалыңдығы 10 мм кем болмауы тиіс.
Азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды тұрақты және уақытша сақ­тауға арналған жұмыс істеп тұрған және жаңадан пайдалануға берілген бар­лық қоймалар аумақтық ішкі істер органдарында тіркелуі тиіс.

Әрбір сақтау қоймаларында азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сақтауға аумақтық полиция органдары бер­ген рұқсат етілген санынан аспайтын мөлшерде сақтауға болады. Әрбір базистік және шығыс қойма­ларының паспорты бо­луы тиіс, оның бір данасы қоймада сақта­лады.

Фейерверктерді қоғамдық-мәдени көп­шілік іс-шараларда қолдану тек аумақтық ішкі істер органымен келісілген, жұмысты жүргізуге құқығы бар құжаттамалар бекі­тілгеннен кейін жергілікті әкімшіліктің рұқ­сатымен фейерверктерді көрсетуді жү­зеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға рұқ­сат етіледі. Бұл ретте, азаматтық пи­ро­техникалық заттар мен бұйымдарға тех­­­никалық құжат­тамалар, орналастыру-жос­пары, бұйым­дар­ды тасымалдау үшін ар­найы жабдық­талған көлік келісуге ұсы­нылады.

Мәдени-көпшілік және бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде фейерверктер көрсету үшін ұйымдастырушылар жергілікті атқарушы органға іс-шара өткізуге дейін кемінде 10 күн бұрын қолдаухатпен өтініш білдіреді.

Фейерверк жүргізілетін алаңдар­да:

1) темекі шегуге және от жағуға;
2) мас күйде жұмыс істеуге;
3) фейерверк құралдарын күзетусіз қал­дыруға қатаң тыйым салынады.
Орын алған тө­тенше жағдайлар мен оқи­­ғалар кезінде «101», «102», 21-2-00, 21-4-94 те­лефон­дарына ха­­бар­­­ласу­­ қажет.

Сырдария ауданының
төтеншежағдайлар бөлімі
28 желтоқсан 2021 ж. 728 0