Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Пиротехникалық заттарды пайдалану ережесі

Пиротехникалық заттарды пайдалану ережесі

«Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 қазандағы №821 Қаулысы және «Пиротехникалық құрамдардың және олардан тұратын бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 шілдедегі №1004 Қаулысы бекітілген.

Пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сақтау көтерме сауда және шығыс қоймаларында штабельдер немесе ағаш төсемдерде және бөлшек сауда желісі қоймаларында сақталады.

Тұрмыстық мақсаттағы пиротехникалық заттар мен бұйымдардың бөлшек саудасы, оған тікелей күн сәулесінің және атмосфералық жауын-шашынның түсуін болдырмай өнімнің сақталуын қамтамасыз ететін дүкендерде, дүкендердің бөлімдері мен секцияларында, павильондар мен дүңгіршектерде жүргізіледі. Сауда үй-жайларын пиротехникалық заттармен және бұйымдармен толтырудың тікелей нормасы сауда үй-жайының әрбір 25 шаршы метріне брутто бойынша 1200 келі пиротехникалық бұйымдар мен заттарға есептеліп белгіленеді. 333 келіден аспайтын тұрмыстық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды 25 шаршы метрден аз сауда үй-жайларында сақтауды және сатуды бір уақытта жүргізуге болады.

Өзіне-өзі қызмет көрсету дүкендерінің сауда үй-жайларында тұрмыстық пиро­техникалық заттар мен бұйымдарды сату­ды тек мамандандырылған секцияларда сатушы-консультант жүргізеді, сатып алу­шыларға тұрмыстық мақсаттағы пиро­техникалық бұйымдарды тікелей ұстауға болмайды. Сау­да ұйымдарының (дүкендердің) қой­ма үй-жайлары үшін – 5000 келіден аспауы тиіс.

Сақтау орындарын желдету үшін құлып­пен жабылатын торлы металл есіктер, ал терезелер мен желдеткіш қақпақтарына металл торлар мен торшалар орнатылады. Торлы есіктер мен торлардың көз­дері көлемі 150х150 мм аспауы, тор шыбығының қалыңдығы 10 мм-ден кем болмауы тиіс.

Азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды тұрақ­ты және уақытша сақтауға арналған жұмыс істеп тұрған және жаңадан пайдалануға берілген барлық қоймалар аумақтық ішкі істер органдарында тіркелуі тиіс.

Әрбір сақтау қоймаларында азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сақтауға аумақтық ішкі істер органдары берген рұқсат етілген санынан аспайтын мөлшерде сақтауға болады.

Әрбір базистік және шығыс қойма­ла­рының паспорты болуы тиіс, оның бір данасы қоймада сақталады.

Фейерверктерді қоғамдық-мәдени көп­ші­лік іс-шараларда қолдану тек аумақ­тық ішкі істер органымен келісілген, жұмысты жүргізуге құқығы бар құжаттамалар бекі­тілгеннен кейін жергілікті әкімшіліктің рұқсатымен фейерверктерді көрсетуді жү­зе­ге асыратын жеке және заңды тұлғаларға рұқсат етіледі.

Бұл ретте азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйым­дарға техникалық құ­жат­тамалар, орналастыру-жоспары, бұ­йым­дарды тасымалдау үшін арнайы жабдық­талған көлік келісуге ұсынылады.

Мәдени-көпшілік және бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде фейерверктер көрсету үшін ұйымдастырушылар жергілікті атқарушы органға іс-шара өткізуге дейін кемінде 10 күн бұрын қолдаухатпен өтініш білдіреді.

Құрметті аудан кәсіпкерлері мен мекеме басшылары «Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайда­лану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағи­даларын бекіту туралы» Қазақстан Рес­публикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 қазандағы №821 Қаулысының және «Пиро­техникалық құрамдардың және олардан тұратын бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регла­ментін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 шілдедегі №1004 Қаулысының көшірмесін Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінен алуға болатынын ескертеміз.
Бөлім қызметкерлерінің жұмыс барысында әлдебір келеңсіз жағдайларды байқасаңыз 21-4-94 сенім телефонына хабар­лаңыздар.

Сырдария ауданының
төтенше жағдайлар бөлімі

26 желтоқсан 2020 ж. 892 0