Жер кадастрының білікті маманы
Үй салу немесе кәсіппен айналысу үшін ең алдымен жерді нақтылап алу қажет. Алдын ала таңдап, шекарасын шегендеп, оны тиісті мемлекеттік қызмет арқылы заңдастырып алу – міндет. Міне, осы жұмыстарда жер кадастры мамандарының атқаратын қызметі зор. Ал бұл саланың майталман мамандарының қатарында Исатай Ахметов бар.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша аудандық бөлімнің жетекші маманы 15 жылдан аса уақыт аталған салада еңбек етіп келеді. Өзі А.Тоқмағамбетов ауылының тумасы. Әкесі мен анасы совхозда мал бағып, кейіннен күріш егіп, 9 баланы жетілдірген. Ағайындылардың ортаншысы И.Ахметов мектеп бітіргеннен кейін шаруашылықта жұмысқа жегілсе, жаңа ғасырдың басында Қорқыт ата атындағы университетте «Инженер, гидроэколог» мамандығы бойынша жоғары білім алды. Ал 2005 жылдан бері жер кадастры саласында табан аудармастан халыққа қызмет көрсетуде.

– Біздің міндетіміз – жерге орналастыру жобасын әзірлеу, жер учаскелерінің шекарасын белгілеу, жер учаскелерінің кадастрлық бағалау құнын айқындау. Осы мақсатта тұрғындар өтініштеріне орай, тиісті жерлерді заңдастырып береміз. Сол бойынша жер актісін шығарып, нақтылап, қазығын қағамыз. Бұл ретте, жергілікті атқарушы органдармен, аудандық жер қатынастары, аудандық құрылыс, сәудет және қала құрылысы бөлімдерімен тығыз байланысты жұмыс істейміз, – дейді Исатай Камаладинұлы.
Білікті маманның айтуынша, жер кадастырының жұмысы мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен тығыз байланысты. Онда тұрғындар өтінішіне сәйкес нақтыланған жерлер базаға енгізіліп отырады. Сондай-ақ, аудан картасы бар. Сол арқылы жетекші маман жұмысты үйлестіруде.
– Исекеңмен ұзақ жылдар бойына бір салада еңбек етіп келеміз. Өз ісінің нағыз майталманы. Жер – ең маңызды салалардың бірі. Сондықтан жердің орналастыру жобасын әзірлеп, шекарасын нақтылап беру үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Ал бұл жұмыстарды Исекең жақсы біледі және жауапкершілікпен атқарады. Осы еңбегіне жұртшылықтың айтар алғысы көп және ұжымдағы үлгі тұтар мамандырымыздың бірі, – дейді жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша аудандық бөлім басшысының міндетін атқарушы Берік Асылбеков.
Кез келген тұрғын құжаттарды заңдастырып алуға шыққанда жұмысының жылдам біткенін қалайды. Ал мұндайда Исатай Ахметов секілді білікті мамандар жұмыс жеделдігін қамтамасыз етеді. Сол арқылы елдің ықыласына бөленеді. Халыққа сапалы қызмет көрсетіп жүрген азамат жары Сәуле Максимовамен қыз тәрбиелеп, өсірді. Ол отбасында өз өнегесін көрсетсе, қызметте жастарға тәжірибесімен бөлісіп, білгенін үйретуден еш жалыққан емес.
Ердос БЕРКІНБАЕВ