Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәуелсіздік жолы

Тәуелсіздік жолы

Тәуелсіздік таусылмайтын жыр, түгесілмейтін ән. Әрбір халықтың санасында ең қастерлі ұғым болса, ол да, осы – Тәуелсіздік, яки, елдің елдігіне деген мақтаныш. Биыл егемендік алғанымызға 30 жыл толып отыр.

Қазақстан — қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпағанымыз абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс.

Ғасырлар керуеніне ілескен Ұлы Дала елінің ұрпақтары небір қилы заман, қиын кезеңдерді басынан өткеріп, Тәуелсіздіктің де 30 жылдық мерекесіне таяп қалды. Тәуелсіздік – қазақ халқы үшін жай айтыла салған сөз емес, бұл қазақ халқының тарихи болмысындағы аңсаған арманы. Тәуелсіздік – барша халқымыздың күрес пен еңбек, ілім-білім мен өнерінің шабытына қамшы басқан үміт десек болады. Бұған Тәуелсіздік жолында жан аямай ерекше елі,жері, Отаны үшін Көшбасшымыздың ерлік жолдары айқын дәлел бола алады.

Міне, осы жоғарыда айтылғандардың барлығы Елбасымыздың «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласында келтірілген. Біздер аға буын өкілдері Елбасымыздың әрбір айтқан сөзін, болашақ ұрпаққа жеткізе білуіміз керек. Бабаларымыз аңсаған Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесі құтты болсын.

Шахарбек НҰРСЕЙІТОВ,
«Nur Otan» партиясы Сырдария аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы
09 желтоқсан 2021 ж. 395 0