Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Facebook-тің атауы ауысты

Facebook-тің атауы ауысты

Facebook компаниясы атауын ауыстырды. Ендігі аты – Meta. Бұл жайлы компанияның негізін қалаушы Марк Цукербергтің өзі мәлімдеді.

«Бүгіннен бастап компания атауы өзгерді. Енді біз «Meta» деген компаниямыз», – деді Цукерберг 28 қазан күні өткен «метадүниежүзілік» тұсаукесерде.

Сондай-ақ компания басшысының айтуынша, компанияның логотипі де өзгеруі мүмкін. Мебиус лентасына ұқсас логотип қоймақ. Түсі – көкшіл.

Америкадағы алып корпорацияның атауы ауысатыны туралы бұрын да айтылған. Ребрендинг жасауға Facebook-тің бұрынғы жағымсыз келбеті себеп. Соңғы кезде компанияға тиесілі сервистердің басы жауға жиі қалатын болып жүр. WhatsApp-тың дезинформациямен күресе алмайтыны, жақында қабылдаған қолданыс келісімінің нашарлығы, Instagram әлеуметтік желісінің адам психологиясына тигізер кері әсерін зерттеуді тоқтатуы – осының бәрі компания имиджіне кері әсер етті. Оның үстіне, жақында Facebook сервистері түгел істен шығып, ауқымды техникалық ақау болғаны белгілі.

31 қазан 2021 ж. 257 0