Facebook Messenger, Instagram мен WhatsApp бір жүйеге топтасуы мүмкін
Facebook Inc. компаниясының басшысы Марк Цукерберг Facebook Messenger, WhatsApp пен Instaram мессенджерін бір жүйеге топтастыруы мүмкін. Бұл туралы New York Times газеті хабарлады.
Facebook, Instagram, WhatsApp бұрынғыша жеке желі болып қала бермек, бірақ интеграция жүзеге асып жатса, үш желінің қолданушылары бір-бірімен хат алмаса алады. Мысалы қолданушыда WhatsApp орнатылмағанның өзінде оған Facebook Messenger, Instagram Direct арқылы хабарлама жіберуге болады. Бұл – Марк Цукербергтің өз бастамасы. Компания басшысы BBC-ге берген сұхбатында Facebook ұзақ процессті бастап жатқанын айтқан еді. Аталған интеграция – сол процесстің бір бөлігі. New York Times мәліметінше, бұл бастама 2019 жылдың соңында немесе 2020 жылы жүзеге асады.
Массагет.кз