Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тереңөзектіктер: Газды қайда төлейміз?!

Тереңөзектіктер: Газды қайда төлейміз?!

Тереңөзек кенті тұрғындары үшін бүгінгі күннің сауалы осы болып отыр. Шынымен, көгілдір отын желісіне қосылған үйлер, газ сұйықтығын жаққаны үшін ақысын қайда төлейді? Өте орынды сауал.

«Қызылорда газ тарату жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Тереңөзек кенті учаскесі мекемесі Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Алиакбаров көшесі 68 үй мекен-жайында орналасқан. Бұл мекен-жайда газ тарату мекемесінің кассасы орналасқан. Касса қызметімен көгілдір отынның шығындарын төлеуге болатындығын хабарлаймыз.

Мекеменің байланыс телефоны: 22-3-80.

«Тағы да ескеретін жайт, газ желісіне тұрғын үйді қосу жұмыстарын сертификатталған мамандар, сонымен қатар, қосу жұмыстарын жүргізетін арнайы жеке кәсіпкерлердің көмегіне жүгінген дұрыс және де тұрғындар қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керек. Авариялық жағдайлар мен басқа да оқыс оқиғалар бойынша 109 - бірыңғай байланыс орталығына хабарласу қажет», - екендігін «Қызылорда газ тарату жүйесі» мекемесінің Тереңөзек кентіндегі өндірістік учаскесінің басшысы Еркебұлан Есенгелді айтуда.

Өздеріңізге белгілі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойы қарсаңында Сырдария ауданы Тереңөзек кентіне газ жүйесі тартылған болатын. Құны 2,4 млрд. теңгені құрайтын Тереңөзек кентінің кварталішілік газ құбырлары желісінің құрылысы аяқталып, қазіргі таңда тұрғындар көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Бүгінгі күні газға қосылған 1127 тұрғын үй мен 11 әлеуметтік нысан болып отыр. Бұл кент тұрғындарының 46,0 пайызын құрап отыр.
22 қазан 2021 ж. 532 0