Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Табиғат сақшысы

Табиғат сақшысы

«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтуға тілі жоқ». Иә, жер бетінде адам пайда болғалы бері табиғатта тіршілік кешіп келеді. Адам өзіне қажетті дегеннің барлығын осы табиғаттан алады. Ал сол қажеттіліктерді алу кезінде адамзат баласы оған зақым келтіріп жатады. Мұндайға жол бермеудің алғы шебінде табиғат сақшылары, яғни орман шаруашылығының мамандары жүреді.

Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінде ұзақ жылдан еңбек етіп келе жатқан майталман мамандардың бірі – Кенжебек Мұстафаев. Жасыл формасын үстінен тастамайтын табиғат сақшысын аудан жұртшылығы жақсы таниды. Ол аудан аумағындағы орман-тоғайда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше қызмет етіп жүр.

– 1983 жылы Сырдария орман және жануарлар дүниесін қор­ғау мекемесіне механизатор болып жұмысқа тұрдым. Содан бері осы мекемеде табан аудармастан ең­бек етудемін. Орман күзетшісі, бас орманшы, бүгінде шебер ретінде та­биғатты қорғау жұмыстарына араласып келемін. Негізі, ауданда мекемеге қарасты 236,549 гектар жер бар. Сол жердің көгалдандырылуы, аң-құс, жан-жануарының қырылып кетпеуі міндетімізге жатады. Сондықтан кө­галдандыру жұмыстарына табиғат сақшылары ерекше үлес қосуда. Оның ішінде, табиғаттың тепе-тең­дігін ұстап тұру үшін сексеуіл және басқа да ағаш түрлерін жыл сайын отырғызамыз. Ал бүгінде Арал ауданына 6 тоннадан аса сексе­уіл тұқымын жіберуге жұмыс жасап жатырмыз, – дейді Кенжебек Әбтіқанұлы.

Айтқандай-ақ, табиғат қауіпсіз­дігін қамтамасыз ету оңай шаруа емес. Қоршаған ортаның түрлі құбылыстарына шыдас беріп, жазда өрттен сақтау, қыста заңсыз аңшылыққа жол бермеу, айналаны көгалдандыру секілді жұмыстарда тәжірибесі мол Кенжебек аға секілді майталман мамандардың орны бөлек. Әріптестер арасында да кейіпкеріміз абырой-беделге ие.

– Кенжекең өз ісіне мығым. Ауданның табиғат саласында қырық жылға жуық еңбек етіп келеді. Өл­кенің ой-шұқырын өте жақсы біледі десем артық айтқандық болмас. Сон­дықтан да кез келген істе сала майталманымен әркез ақылдасып отырамыз, – дейді мекеме директоры Ә.Рақымжанов.

Мекеме жұмысынан бөлек Кенжебек аға Мұстафаев ауданның қоғамдық жұмыстарында өте белсенді. Алдымен, ол кісі халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының мекемедегі бастауыш ұйымының төрағасы. Осы арқылы табиғат қорғаушының тіл жанашыры екенін де аңғаруға болады. Одан бөлек, 8 жылдың көлемінде медиатор ретінде тұрғындарға өз көмегін көрсетуде. Яғни, сотқа дейінгі татуласу шараларына белсене атсалысып, отбасылардың қайта табысуына, неше түрлі жанжалдардың шешемін табуына өзіндік үлес қосып жүр. Оған қоса, ауданда 3 алқа би болса, соның бірі – К.Мұстафаев.

Осылайша, табиғатты қорғап, қоғамдық жұмыстарда да белсен­ділік танытып жүрген Кенжебек Әбтіқан­ұлы орман қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіпода­ғының ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды. Бұл қажырлы еңбекке көрсетілген лайық­ты құрмет деп білеміз. Алдағы уақытта да сала майталманы ауданның дамуына өзіндік үлес қоса беретініне сенімдіміз.

Ердос БЕРКІНБАЕВ 

19 қазан 2021 ж. 594 1

Larrynig от 24 мамыр 2024 06:25
Backlinks for your website. Our loyal patrons - offerings and commerce. We also dispatch mailings about your service, exactly the similar as we dispatched to you! All data on our site: https://sites.google.com/view/backlinks-seo-sell Telegram group for communication: https://t.me/Backlinks_top All tasks is carried out from the area of the European Union.