Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Алты айға тыйым салынды

Алты айға тыйым салынды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі мен ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрі 2019 жылғы 10 қазанында "Ауылшаруашылық жануарларын экспорттаудың кейбір мәселелері туралы" бірлескен бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл құжатқа сәйкес, Қазақстан территориясынан тірі ірі қара малды, атап айтқанда, бір жасқа дейінгі аналық бұзауды, бір жастан асқан ұрғашы бұзауды, сиырды, қойды және тірі ешкі мен қошқарларды (ешкі мен лақтарды) Қазақстан Республикасынан алып шығуға алты айға тыйым салынды.

Бірлескен бұйрық ресми жарияланған алғашқы күнінен кейін 10 күн өткен соң (11 қазан) күшіне енді.
15 қазан 2019 ж. 467 0