Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Заңғар ақын Замаддин

Заңғар ақын Замаддин

Қазақ айтыс өнерінің ақтаңгері, заңғар ақын Замаддин Ибадуллаевтың есімі ауда­нымызға ғана емес Сыр өңіріне, елімізге бел­гілі. Ақжарма ауылында туып, айтыстың көрігін қыздырған тұлғаның өмірі мен шығар­машылығы кейінгі буынға үлгі-өнеге. Редак­цияға тереңөзектік еңбек ардагері Зұлқарнай Бодықов хабарласып, замандас досы туралы жазған естелік толғанысын ұсынды. Біз сексеннің сеңгіріне шығып, өмірден оз­ған ақынның рухын ұлықтау мақсатында ар­да­гер­дің өлеңін жариялауды жөн көрдік.

Қиындау болды бәріне,
Қайғырамын қосыла.
Сағынғанда еске алып,
Барамын жиі басына.

Шығармадың үніңді,
Түсінемін мұңыңды.
Тоқтата алмай өзімді
Шаққаным ғой мұңымды.

Реңі қашты мазаның,
Мұңлы шерді жазамын.
Қасымда жоқсың бірақ та,
Тартып жүрмін азабын.

Қатар бірге жүргенбіз,
Бірге ойнап, күлгенбіз.
Қиындық көп көрсек те,
Ажырамады іргеміз.

Сөзге шешен бұлбұлым,
Таланты басым дүлділім.
Сен кеткелі мәңгіге,
Егесіз қалды жыр бүгін.

Қатар жүрген жақыным,
Елге мәлім ақыным.
Шындықты айтқан айтыста,
Батырым һәм батылым.

Зұлқарнай БОДЫҚОВ,
еңбек ардагері
02 қазан 2021 ж. 549 0