Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » «Жолда қабылдау» акциясы өтуде

«Жолда қабылдау» акциясы өтуде

Сырдария ауданында «Жолда қабылдау» акциясы өтуде. Шара 2021 жылдың 17-18 қыркүйек күндеріне жоспарланған.  Акция аясында аудандық полиция қызметкерлері тұрғындарға құқықтық көмек көрсетіп, барлық сұрақтарға жауап беруде.

Тұрғындар арнайы мамандардан жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері және көші-қон заңнамаларының сақталуы, халыққа қызмет көрсету орталықтарында тіркеу, тіркеуден шығару, құжат ауыстыру, айыппұл төлеуге қатысты ақпараттар алуда.

Қабылдау барысында сырдариялықтар жол қауіпсіздігіне, қылмысқа қатысты толғандырған сауалдарын қойып, нақты мәлімет алуда. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері көлікті мас күйінде жүргізген жүргізушілерге жауапкершіліктің күшейетінін айтып өтті.

Айта кетейік, акция ҚР Ішкі істер министірлігінің нұсқауы бойынша ұйымдастырылып отыр.

Е.БЕРКІНБАЕВ
17 қыркүйек 2021 ж. 630 0