Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа кітап жарыққа шықты

Жаңа кітап жарыққа шықты

2019-2020 жылдары Сырдария ауданын басқарған Руслан Рүстемов қазіргі таңда Жаңақорған ауданының əкімі қызметін атқаруда. Облыстың қоғамдықсаяси, əлеуметтікэкономикалық өмірінде өзіндік орны бар білікті басшы жақында жаңа кітабын жарыққа шығарды. Ел тəуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі аясында оқырман қауымға жол тартқан кітап автордың қолтаңбасымен Сырдариялық зиялы қауым өкілдеріне, ардагерлерге де келіп жетті.

Алматы қаласындағы «ARNA-B» баспаханасында басылған 168 беттік кітаптың алғысөзін жазушы, Қазақстан Республикасының Абай атындағы əдебиет пен өнер саласында Мемлекеттік сыйлығының иегері Тынымбай Нұрмағамбетов жазған.

«Жер бетін мекен еткен қай елдің болмасын əуелгі байлығы рухани мұрасы болып есептеледі. Өйткені, ұрпақтан ұрпаққа өнеге болып қалар қазынасыда осырухани байлығы. Қазақ ұлты рухани байлығын ардақтай білген. Өнеге тұтқан. Осы дəстүрдің əлі күнге сақталып келе жатқандығы, сақтала беретіндігі қажеттілік болуымен бірге мақтаныш ететін қасиеті екендігі даусыз. Халықтың осындай дархан таланттарын ел құрметтемесе, жергілікті билік орындары, мемлекеттік ұйымдар танып, бағаламаса қандай талантты жанның да қабілет-мүмкіндігінің қанат жайып, жалпақ елге танылуы екіталай. Руслан Рүстемұлының Сыр өңірінен шыққан талантты жандар жайлы жазылған кітабы үшін мен сүйсіндім, риза болдым. Бұл кітап аудан оқырмандары үшін өз əкімдерінің тартусыйы деп білемін. Аудан халқына жақсы таныс, кейінгі ұрпаққа өнеге етер жандар жайлы жазылып, өз оқырмандарының ортасында жарық көріп отырған кітаптың өміршеңдігі де ұзақ болады деп санаймын» делінген жазушы Тынымбай Нұрмағамбетовтің алғысөзінде.

Атап өту қажет, халық ақыны марқұм Əселхан Қалыбекова жайлы жазылған естелік-эссе бар.

«2019 жылдың тамызында Сырдария ауданына əкім болып тағайындалған күннен қарымды қаламгер, арқалы ақын Мұхтар Сақтапов бастаған жергілікті жерден шыққан өнер мен мəдениет майталмандарына құрмет көрсетуге барынша көңіл бөлдім. Ал айтыс ақберені Замаддин Ибадуллаевтың шығармашылық шоқтығын шаршы топқа шығарғым келді. Ақынның 80 жылдық мерейтойын лайықты атап өту үшін «Заңғар ақын – Замаддин» тақырыбында облыстық ақындар айтысын өткізуді жоспарладық. Алтын домбыралы ақынымыз Мұхтар Ниязовпен ақылдаса келіп, айтыстыңқазылар алқасыныңтөрелігіне Əселхан апа Қалыбекованы, мүшелері ретінде белгілі ақын, қаламгер Ұларбек Нұрғалымұлын, ақын, «Тіршілік тынысы» газетінің бас редакторы Ақтөре Ибрагимұлын таңдадық. Ол кісі бұған келісімін беріп, 2019 жылдың 19 қыркүйегінде Тереңөзекке келді.

Көне өнердің көмбесі, асыл ойдың айнасына айналған аламан айтыстың ақтаңгерімен ашық дидарластық, өзара тақырыптарды өзектедік, поэзияның парасатты парқын парақтадық, ақиқатты ақтардық. Кемеңгерліктің кені жатқан көкірегінен кемел сөздің кемері толды. Ол кісі маған ардақты апа, мен ізетті іні болуға шын пейіл ниетімізді білдіргенбіз. Сонда апам арқамнан қағып тұрып: «Ақынды ардақтау – басшыға борыш, азаматқа абзал іс», – деген еді. Сол сөз құлағымда əлі жаңғырады» деген автор өз мақаласында.

Тарихи тағылымы мол құнды кітапта сырдариялық ақын Мамыр Байдəулетов туралы жазылған жақсы пікірді де оқуға болады.

Тарихи тағылымы мол құнды кітапта сырдариялық ақын Мамыр Байдəулетов туралы жазылған жақсы пікірді де оқуға болады. – Сыр өңірінің руханиятында, əдебиеті мен мəдениетінде өзіндік орны бар ақын Мамыр Байдəулетовті бұрыннан танимын. Ол дарынды ақын ғана емес, қазақ əдебиетінің өткені мен бүгіні жөнінде тереңірек толғайтын білімді азамат, сондай-ақ қазақтың тарихын, фольклорын, этнографиясын жетік меңгергенімен де ерекшеленеді. Мамырдың өзгелерден дара қасиеті, қашан көрсеңіз де ел ішінен талант іздеп жүреді. Тұғырлы туған жерге де ат басын жиі бұрады. Былтыр айтыс өнерінің ақтаңгері Замаддин Ибадуллаевтың құрметіне өткізілген айтыстың жоғары деңгейде өтуіне де өз үлесін қосты. Ақынға «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» атағының берілгені жөнінде сүйінші хабарды телефон арқылы жеткізгенімде Құрметті атақты өзі алғандай қуанған еді. Түптеп келгенде, Замаддин Ибадуллаевтың төл шəкірттері, ізбасарлары, баға жетпес қазынасының кейінгі мұрагерлері, осы – Мамыр, Айдос, Мұхтар, Нұрмат, Ержеңіс секілді азаматтар ғой. Мамырдың өз перзенті Ерасыл да бүгіннің өзінде келешегінен мол үміт күттіретін ақын болып қалыптасып келеді. «Жасы кіші демеңіз, ақылы асса аға тұт» демекші, кейде Мамырдың орнықты ойлары мен пайымдыпікірлері, ғибраттыоқиғалармен астасқан сүбелі сөздері өзін қазіргі жасынан үлкен көрсетеді, – деген Руслан Рүстемұлы ауданымыздың Ақжарма ауылынан шыққан ақынға шығармашылық сəттіліктер тілеген.

Жалпы кітап басылу сапасы жөнінен өте жоғары деңгейде дайындалған. Автордың айтуынша, жаңа туынды халықаралық кітап көрмесіне ұсынылып отыр. Жинақтың алғашқы даналары оқырман қауымға қолжетімді болу үшін кітапханаларға да таратылуда.

А.СЕЙІЛОВ

14 қыркүйек 2021 ж. 375 0