Шежірелі кітап жарыққа шықты

Қазақ халқында халық мұрасы саналатын шежіре бар. Онда елдің өткен өмірі, тыныс-тіршілігі, қауымның даму белестері қамтылады. Осы ретте «Кіші жүз он екі ата Байұлы. Жаппас руының шежіресі» атты шежірелі кітабы жарыққа шықты. Шежірені Рахат Ғазитолла жинақтаған.
– Кітапта тарихи деректерден нақты мысалдар келтіріліп, тұтас бір жүздің сырлы шежіресі жинақталған. Қазақстанның әр аумағынан, одан тыс Өзбекстан, Қарақалпақстан, Түркіменстан, Ресей Федерациясы өңірлеріндегі шежіре-деректер бір кітапқа топтастырылып беріліп отыр. Сонымен қатар белгілі тұлғалар, елге танымал батырлар, билер мен шешендер, т.б. зиялы қауым жөнінде кеңінен баяндалған, – дейді редакциялық алқа мүшесі Ермек Аяпов.
Атап өту керек, 625 беттік кітап 1000 дана таралыммен жарыққа шыққан және көпшілік қауымға арналған.