Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет
» » 6 айда мобильді бригадалар 1,2 млн-нан астам шақыртуларға шықты

6 айда мобильді бригадалар 1,2 млн-нан астам шақыртуларға шықты

Қазақстанда 2021 жылдың 6 айында мобильді бригадалар 1,2 млн-нан астам шақыртуларға шықты

Пациенттерге амбулаториялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың жанынан COVID-19 бар науқастарды амбулаториялық бақылау бойынша мобильді шығу топтары құрылды.

Медициналық ұйымдағы бір мобильді топ емханаға тіркелген халықтың кемінде 5000 адамына қызмет көрсетуі тиіс.

Республика бойынша алғанда жарты жылдың ішінде мобильді бригадалар 1 237 270 рет шақыртуға шықты. Атап айтсақ,ТМККК бойынша - 85 228, МӘМС бойынша-1 152 042.

Осы жылдың қаңтар мен маусым айлары аралығында шақыртуға шығудың басым бөлігі ШҚО - да - 135 799 жағдай, Алматы облысында - 126 439 жағдай және Қарағанды облысында-122 905 жағдай болды.

Айта кететін болсақ, 2021 жылғы қаңтар-маусым аралығында Қор 7,3 млрд теңге сомасына мобильді бригадалардың шақыртуларға шығуын төледі. Оның ішіндегі қаражат МӘМС бойынша 6,8 млрд теңге, ТМККК бойынша - 0,5 млрд теңгені құрады.

Мобильді топтың функциялары жатады:

жіті респираторлық ауру белгілері бар және COVID-19 күдікті немесе науқас пациенттер алғашқы жүгінген кезде үйге шығумен шақыруларға қызмет көрсету;
COVID-19 бар, оның барлық отбасы мүшелерінің үйде оқшаулауында жатқан пациенттерге консультация беру (оның ішінде аудио-бейне), аурудың орташа ауыр, ауыр түріне шалдыққан және стационардан амбулаториялық емдеу кезеңіне шығарылған пациенттерге консультация беру (үйде оқшаулауды сақтау бойынша нұсқама);

СOVID-19 күдігімен ПТР-тестілеу;

дәрі-дәрмектерді тағайындау;

қажет болған жағдайда 2021 жылғы 5 тамыздағы №75 бұйрыққа сәйкес ауруханадан тыс пневмония, созылмалы аурулары бар пациенттерге дәрі-дәрмектерді жеткізу;

МАЖ-да бастапқы медициналық құжаттаманы ресімдеу: амбулаториялық пациенттің медициналық картасы (025/у нысаны);

МСАК ұйымының басшысына белгіленген нысанда және мерзімде COVID-19 бар пациенттер бойынша күн сайын ақпарат беру;

халықты COVID-19 туралы және Call-орталықтар бойынша деректермен хабардар ету.

Мобильді бригада қандай жағдайларда келуі керек:

Мобильді топ жедел респираторлық инфекциялардың белгілері бар және СOVID-19-ға күдікті ауыратын науқастарға үйге барады. Мобильді топты амбулаториялық бақылаудағы немесе үйде оқшауланған науқастар да шақыра алады. Мобильді топқа: терапевт/ педиатр/жалпы практика дәрігері, учаскелік медбике/фельдшер/акушер / әлеуметтік қызметкер кіреді. Мобильді топтың құрамы науқастың жағдайына және аурудың сипатына байланысты.

Неліктен мобильді бригада шығудан бас тарта алады:

Мобильді бригада өзінің медициналық ұйымына тіркелген халықтың ғана шақыруларына қызмет көрсете алады. Мобильді топтың жұмыс уақыты таңғы 08.00-ден кешкі 20.00-ге дейін. Егер үйде 20.00-ден кейін шақыруларға қызмет көрсету қажет болса, оларды МСАК жанындағы жедел медициналық көмек (шақырулардың 4-санаты), жедел медициналық көмек (шақырулардың 1-3-санаты) жүзеге асырады.

Қандай белгілер болғанда ауруханаға жатқызылуы керек және қай уақытта ауруханаға жатқызудан бас тартуы мүмкін:

Ауруханаға жатқызу, ең алдымен, денсаулығы үйде емделуге мүмкіндік бермейтін науқастар үшін қажет. Бұл жағдайда науқастың әл-ауқаты қарастырылады-сатурация деңгейі, өздігінен тыныс алу қабілеті, дәрі қабылдау, өкпенің зақымдану дәрежесі. Ауруханаға жатқызудың нақты көрсеткіштері дұрыс емес, өйткені жалпы клиника маңызды. Сатурацияның бірдей төмендеуімен екі науқаста әртүрлі жағдайлар болуы мүмкін, біреуінде тыныс алудың қысқаруы және тыныс алудың қиындауы мүмкін, ал біреуі өзін қанағаттанарлық жағдайда сезінеді. Сондықтан емдеуге жатқызу үшін ПТР-дің оң нәтижесі жеткіліксіз. Мобильді бригадалар пациенттерге жағдайды бақылау үшін чек-парақтардың бланкілерін қалдыруы тиіс. Өзгерістерді зерттеу арқылы аурудың барысын бағалауға болады.

Аурудың клиникалық симптомдары ұлғайған кезде, өзіңізді сезіну жағдайыңыз дене температурасы, пульс жиілігі, тыныс алу, АҚ, сатурацияны өлшеу көрсеткіштерінің нашарлауы кезінде учаскелік дәрігерді хабардар ету қажет, ол жағдайдың ауырлығын бағалағаннан кейін одан әрі қарайғы қадамды анықтайды, көрсетілімдер бойынша инфекциялық стационарға жібереді.

Медициналық көмекті алу бойынша сұрақтарыңызды Қордың ресми кері байланыс арналары - 1406 байланыс орталығы, "Qoldau 24/7" мобильді қосымшасы, www.fms.kz сайты, Telegram-дағы Saqtandyry-bot арқылы қалдыруларыңызға болады.
09 қыркүйек 2021 ж. 51 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам