Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МӘМС: медициналық көмекті қаржыландыруға 7,64 млрд теңге бағытталды

МӘМС: медициналық көмекті қаржыландыруға 7,64 млрд теңге бағытталды

Осы жылдың 8 айында әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС пакетіндегі медициналық көмекті төлеуге 7,64 млрд теңгеден астам жіберді, деп хабарлады Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.

Осы жылдың 8 айында МӘМС-ға 351,2 млрд теңге жарналар мен аударымдар түсті. Бұл ретте мемлекет медициналық сақтандыру жүйесіне негізгі төлеуші болып қала береді, ол 15 жеңілдік санаты үшін жарна төлейді. Мемлекеттің жарналары 197,2 млрд теңгені, жұмыс берушілердің аударымдары – 100,9 млрд теңгені, 50,8 млрд теңгені қызметкерлер, ЖК, жеке практикамен айналысатын адамдар, өз – өзіне төлеушілер жарналары, БЖТ жарналары-2,3 млрд теңгені құрады.

МӘМС үшін жарналар мен аударымдар Ұлттық банктегі арнайы шотқа түсетінін, содан кейін қаражат МӘМС пакеті бойынша көрсетілген медициналық қызметтерді төлеуге Қордың жеткізуші медициналық ұйымдарына жіберілетінін атап өтеміз.

«Қазіргі уақытта елімізде емханаларға тіркелу науқаны жүріп жатыр. Бекіту науқанының қорытындысы бойынша медициналық ұйымдар бөлінісінде халықтың бөлінуін ескере отырып, 2021 жылға қаржыландыру жоспарланатын болады. Қор барлық қазақстандықтарды ескере отырып, дерекқордың абсолютті дұрыстығына мүдделі, өйткені әрбір тіркелген тұрғын үшін ай сайын медициналық ұйымдарға жан басына қаржыландыру төленеді», - деп еске салды Қорда.

Қаңтар - тамыз аралығында шығындардың басым бөлігі стационарлық медициналық көмек төлемі – 1,37 млрд теңгеден астам және ауылдағы стационарлар қызметі үшін-1,37 млрд теңгені құрады. 8 айда жоспарлы түрде еліміздің стационарларында 9 мыңнан астам адам ем қабылдады.

Консультациялық-диагностикалық көмек көрсеткені үшін медициналық ұйымдарға 2,95 млрд теңге төленді. Айта кету керек, КТ және МРТ қызметтері азаматтар үшін бұрынғысынша өзекті болып қалуда. 8 айда пациенттерге жалпы сомасы 85464950,06 теңгеге 5 241 МРТ қызметі, сомасы 37988848,45 теңгеге 3 834 КТ қызмет көрсетілді.

Қор филиалы халыққа жоғары технологиялық қызмет көрсеткені үшін 0,25 млрд теңгеден астам қаржы төледі, мұндай қызметтерді 51 мың адам алды, 0,51 млрд теңге стационарды алмастыратын көмекті төлеуге бағытталды.

Осы жылдың 8 айында Қор филиалы халыққа 150,5 мыңнан астам стоматологиялық қызмет көрсеткені үшін 360,8 млн. теңге төледі.

Сонымен қатар, 2,9 мыңға жуық адам жедел жағдайдан (инфаркт, инсульт және т.б.) және операциялық араласудан кейінгі медициналық оңалту алды.

Естеріңізге сала кетейік, екінші тоқсанда карантин аясында жоспарлы түрде медициналық көмек көрсетуге шектеу қойылды. 1 тамыздан бастап еліміздің клиникаларында жоспарлы медициналық көмек қайта басталды, сондықтан тамыз-қыркүйек айларында МӘМС пакетінде халықтың медициналық қызметтерді тұтынуының өсуі байқалады.
15 қазан 2020 ж. 605 0