Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » 30 жылдыққа 30 шара

30 жылдыққа 30 шара

Қызылорда облыстық филормониясы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай "Тәуелсіздікке тарту" айдарымен өнердің барлық жанры бойынша 30 ауқымды шара ұйымдастыруда. Бүгінде түрлі бағыттағы 24 шара аралас форматта өткізілген. Баспасөз конференциясында Талғат Мақашов облыстық филормониядағы ауқымды шаралар тізбегін баяндады.

“Жалпы бүгінгі күнге дейін филормонияның ұйымдастыруымен барлығы 90-нан аса шара өткізіліп, оған 50 мыңнан аса көрермен қамтылды. Ал Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай 30 шара өткізілуде. Атап айтқанда, Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестірінің жыл концерті, "Қорқыт сазы" қобызшылар ансамблінің "Сарын" атты сазды кеші және қазақтың аңыз және салт ертегілерінің 30 кейіпкері циклымен "Әдемі" балалар музыкалық театр-студиясының қысқаметражды қойылымы көрермен қатысуымен өткізілсе, қалған туындылар елде орын алған пандемияға байланысты онлайн форматта өткізілді. Қыркүйек айында залда 30 пайыз орынға рұқсат беріліп, көрермендерімізбен қайта табысуға қызу дайындық жұмыстары басталып кетті", - деді облыстық филормонияның директоры Талғат Бақытбекұлы.
08 қыркүйек 2021 ж. 558 0