Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ӨНЕРІ ӨРДЕН, ОРНЫ ТӨРДЕН – СЫРДАРИЯ

ӨНЕРІ ӨРДЕН, ОРНЫ ТӨРДЕН – СЫРДАРИЯ

Өнер мен мәдениеттің ордасы саналатын Сырдария ауданында 35 мәдениет мекемесі жұмыс жасайды. Былтырғы жылы ауданда барлығы 972 мәдени іс-шара ұйымдастырылып, 154 895 көрермен қамтылған. Ал, ауданның 90 жылдығына орай нақты 61 шара өткізілді.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қойылған міндеттерді іске асыру аясында Қорқыт бабамыздың күйлерін және Сыр мақамдарын қобызбен орындау, қайта жаңғырту, оларды насихаттау мақсатында ауданда Шіркейлі ауылдық мәдениет үйі жанынан қобыз үйірмесі ашылды. Ауданда соңғы екі жылда дәстүрлі әнші, термешілер арасында «Сөз сөлейін термеден» атты облыстық, аудандық байқаулар ұйымдастырылып келеді.
Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты 17 кітапхана 100% модельді кітапхана статусы бойынша жұмыс жасайды. Бүгінгі күнге 1503 кітап сандық форматқа көшірілсе, «Рабис» бағдарламасы бойынша 382 133 кітап электронды катологқа енгізілген.
Қазіргі таңда аудандық тарихи-өлкетану музейі қорында 9670 экспонат бар. Былтырғы жылы музей көрмелерімен 5113 көрермен танысқан. Жалпы аудан көлемінде мемлекеттік тізімге енгізілген 47 тарихи және мәдени ескерткіштер орналасқан.

«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында ауданда 7 аудандық шара ұйымдастырылған және бұл жұмыстар биыл да өз жалғасын табады. Қазақ, орыс және ағылшын тілдері №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінде үйретілуде. Бүгінгі күнге аудан бойынша 192 қызметкерлер оқытылды.
Терроризмге қарсы әрекеттің және діни экстремизмнің алдын алу, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту қызметтерін ұйымдастыру мақсатында «Заманай» атты спектакілі үстіміздегі жылдың 23-28 сәуір аралығында ауданға қарасты барлық елді мекендерде сахналанды.
Сонымен қатар, аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша терроризм мен діни экстремизмнің алдын-алуға байланысты аудандық мәдениет үйі жанындағы халық театрының өнерпаздары аудан елді мекендерінде «Шырмауық» драмалық спектаклін қазан айының 2-9 күндері аралығында қойылды.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
24 сәуір 2019 ж. 817 0