Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Дүниеге айырбас…

Дүниеге айырбас…

Үндістан Ұлыбритания корольдігінің отары болып тұрған кезде бір ағылшын офицері базарда сусын сатып жүрген үндімен керісіп қалып, бір-біріне қол көтеруге дейін барыпты.

Ашудан түтігіп бөлімшесіне жетіп командиріне «Жерін басып алып, өздерін бағындырсақ та қалайша бізге қарсы шығуға дәттері барады?» деп шағымданған ғой. Бастығы оны мұқият тыңдап болып:  

– Қазір базарға барып оны тауып ал да оны «сен батыл, ержүрек екенсің» деп арқасынан қағып мақта. Оған қоса, саудасын ұлғайту үшін біраз ақша бер, – деп кеңес береді.  
Біршама уақыттан соң командирі офицерді шақырып: ,
  • Өткендегі менің айтқанымды істедің бе? – депті. ,
  • Иә, істедім.
  • Ендеше қазір базарға бар да оны мықтап тұрып саба.
Офицер базарға келсе, әлгі адам тағы 4-5 жерден сауда нүктелерін ашып тастаған, жұмысын жүргізетін адамдар жалдаған, саудасы шалқып жүріп жатыр екен.
Офицерді көріп, жүгіріп қасына жеткенде бұл сөз айтпастан жақтан тартқан ғой. Анау үн қатпапты. Тағы бір-екі шапалақ жіберсе басы салбырап сол күйі тұр дейді үндеместен.
Қатты таң болған офицер командиріне келіп, саудагердің неге момын болып қалғанын түсінбегенін айтады. Сонда командирі:

– Сен бірінші рет ұрғанда онда өзінің ар-намысынан басқа ештеңе жоқ еді, сондықтан ол өзінде бар арын, намысын қорғады. Ал қазір ол байыды, дүние-мүлкі бар, саған қарсыласуға сол дүниесінен айырылып қаламын деп қорықты. Қысқасы, ар-намысты дүниеге айырбастап жіберді,  деген екен.

Maksat Skakovtyn парақшасынан
22 тамыз 2021 ж. 261 0