9-10 жастар шамасындағы жетім бала базарда арба айдап күнелтеді. Бірде ол арбасын айдап арын ақшаға айырбастайтын әйелдер үйінің жанынан өтіп бара жатады да алдынан жолыққан бір адамнан: «Аға, мына жерде адамдар не істейді?» – деп сұрапты.
Ол кісі: «Бұл жер әйел адамдарды ақшамен сатып алатын жер» – деп жауап беріпті. Бала: «Ааа, солай ма, әйел адамды қанша ақшаға сатып алуға болады, білмейсіз бе?» – деп қайталап сұрағанда әлгі адам сасқалақтап:
«Білмеймін, өте көп ақша қажет болуы керек, өйткені бұл жерде көбінесе байлар жүреді ғой» – депті де тез-тез басып ұзап кетіпті.
Сол күннен бастап бала өзі қанша аш-жалаңаш жүрсе де, көп ақша табу үшін барын салады. Айлар бойы арбамен жүк тасып, көлік жуып, отыра қалып елдің етігін майлап, сағыз сатып, ол түгілі суықта далада тұрып ән де айтып дегендейін тапқан ақшасын жuнай беріпті.
Оның аянбай еңбек етіп, маңдай терімен тапқан қаражаты өзі үшін аса қымбат еді. Осылайша бала біршама ақша жuнақтап алған соң әлгіндегі әйелдер сатылатын жерге барыпты. Сосын «Ең әдемісін таңдап сатып аламын» деп ойлап тұрыпты да көзге жылы көрінетін, сарғыш шашты сұлу әйелге жақындап келіп, көзі жасаурап былай деген екен: «Апай, мен көп ақша жuнап, сізді сатып алуға келдім. Менің қатарластарымның барлығының да анасы бар. Ал менде ана жоқ. Мен анамның түрін ешқашан көрмеппін!
«Анашым!» деп ешқашан ешкімді атап көрмедім. Бірақ мен анамды әлемдегі ең сұлу әйел болған деп ойлаймын. Сіз де өте сұлусыз. Бірнеше айдың алдында мен осы маңнан өтіп бара жатып бұл жерден әйел адамды ақшаға сатып алуға болады деп естідім. Сосын қуанғаным сондай, мен өз анамның болғанын сондай тілеймін. Сол үшін ай бойы ұйқы-күлкісіз жұмыс істеп ақша жuнадым. Өзіме Ана тауып алсам басқасы түк те емес деп өзімді жұбатып келдім. Сіз маған ана болыңызшы. Мен басқа балаларға ұқсап ананы-мынаны әпер деп мазаңызды алмаймын. Сізді ренжітпеймін, ашуландырмаймын, жақсы бала бола аламын. Өтінемін, маған тек қана Ана керек, егер бұл ақшамды аз десеңіз мен тағы да жұмыс істеп көп ақша тауып Сізге әкелейін» – депті.
Баланың сөзін жылап тұрып тыңдаған әлгі жас әйел жетімнің маңдайынан сuпап, солығын баса алмай: «Балам, әлемде сатып алуға болмайтын нәрселер де болады. Соның ішінде біз ақшаға Ана сатып ала алмаймыз… Сен маған өте көп нәрсе түсіндірдің, рахмет, балам! Менің сен секілді балам бар, ол үйде күтіп отырған болар, мен анамын, үйіме қайтайын, бұл жерге енді ешқашан қайта айналып келмеспін. Ешкім де Ана деген адамды еш жерден ақшаға сатып ала алмайтынын түсіндім. Сен маған өз қадірімді түсіндірдің, рахмет саған» – деп баланы құшақтап сүйіпті де бетін басып жылаған күйі үйіне қарай бұрыла жөнеліпті…
https://elana.kz/