Жүректі тебірентетін оқиғалар
Адам баласының мінезі құбылмалы болып келеді. Бірде ашуға бойы алдырып, сабырсыздық танытса, енді бірде мейірімді болып, айналасындағыларға жылу сыйлайды. Назарларыңызға жүрегі кішкене болса да, алып істерді жүзеге асырған адамдар туралы оқиғалар ұсынамыз.
«Таңертең үйге келе жатқан едім, подъездің алдында «Құрметті көршілер! Бүгін сағат 9:20 шамасында 5 000 теңгедей ақша жоғалттым. Тауып алғандарыңыз болса, 76 үйге әкеліп берулеріңізді сұраймын. Есімім Әлия Айдарқұлова» деген мәтіні бар хабарландыру ілініп тұр екен. 5 000 теңге ақшамды алып, әлгі үйге бардым. Бір әжей есік ашты. Ақша ұсынып тұрғанымды көре салысымен көзіне жас алып, мені құшағына басты. Әжей менің бүгіндікке ақша алып келген алтыншы адам екенімді айтты. Бұл өмірде мейірімді жандардың бар екеніне қатты қуандым».
«Көше бойында әжейдің бөлме гүлін сатып тұрғанын көрдім. Жаным ашып, сұрағанынан 10 есе артық ақша төледім. Көзіне жас алып тұрып: «Атаңа бір тілім нан сатып алайын», - деп дүкенге жүгіріп кетті. Гүлді үйге әкелген едім, ертесінде-ақ айналасына көрік сыйлап, жайқала түсті».
«Өзімді ешқашан сүйкімдімін деп ойламаппын. Бірде жігітім менімен сөйлесіп жатып, тұтқаны қоймағанын байқамай қалды. Мен туралы досына айтып жатқанын құлағым шалды. Бүгін ерекше сұлу болып келгенімді, мені жолықтырғаным үшін бақытты екенін айтты. Осы сәтте көзіме жас келіп, өзімді әлемдегі ең сұлу қыздай сезіндім».
«Құрбым екеуіміз ойын-сауық орталығында жүріп, жұмсақ ойыншық ұтып алдық. Ақыл-есі кем баланы жолықтырып, қолымыздағы ойыншықтарды соған бердік. Ол бізге «Рақмет» айтты. Осы кезде әкесі қатты жылап кетті. Біз түсінбей дал болып қалдық. Ойыншық сатып алуға ақшасы жоқ, тақыр кедей деп айту қиын. Сөйтсек, бала бірнеше ай бойы сөйлемей жүрген екен».
«Бірнеше ай бұрын дәрігерлер шашымның қарқынды түрде түсіп жатқанын айтты. Ал терапия курсынан кейін басымда шаш қалмады. Мектепке қалай барамын деп қатты қиналдым. Алайда мектепке баратын алғашқы күні 10 сыныптасым жиналып келген екен. Барлығы да шаштарын алдырып тастаған. Арасында қыздар да бар. Осы сәтте әлемде жалғыз емес екенімді түсіндім».