Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өрттің алдын алайық

Өрттің алдын алайық

Пешті жағудың қауіптілігі неде? Біріншіден, отынды жаққан кезде пештің ішіндегі температура 600-800 градусқа дейін жетеді, одан пеш қабырғалары және түтіндік қатты қызады. Егер ғимараттың ағаш бөліктері (арқалық, қалқа, еден, төбе және басқа жанғыш құрылымдар мен материалдар) пештің қабырғаларына және түтіндікке тығыз тиіп тұрса, олар жануы мүмкін. Өрт болмау үшін пешті кірпіш немесе тас негізге орналастыру керек. Пештің түтін құбыры шатырдың немесе қабатаралық ағаш жабуынан өткен жерде кірпіш қалауы қалыңдау болу керек. Қалыңдау құбырдың ішкі бетінен үйдің жанғыш элементтеріне дейінгі аралық 38 см-ден кем болмауы керек.
Жылыту пештерін пайдаланғанда мына талаптарды ескеру қажет:
– жылыту және желдету жүйелері дұрыс жұмыс жасап тұруға тиіс;
– жылу өндіргіш аппараттардың күлдіктерін еден астындағы алшақтық кеңістігімен қосуға тыйым салынады;
– қатты отынмен жұмыс істейтін жылу өндіргіш аппараттардың от жағатын есігі астындағы жанғыш материалдардан жасалған 0,5х0,7 м-ден кем болмайтын өлшемдегі оттық алдындағы металл табақпен қорғалған болуға тиіс;
– жылыту пештері мен жүйелерінің түтін құбырлары, түтіндіктері және басқа элементтері тікелей жылыту алдында тазартылуға тиіс. Атап айтқанда:
– үздіксіз жағылатын пештер мен ошақтар екі айда бір рет тазартылуға тиіс.
– асхана плиталары және үздіксіз от жағылатын басқа пештер айына бір рет тазартылып тұруы керек.
Елді мекендерде ұйымдарды және тұрғын үйлерді жылыту үшін қолданылатын орталық от қазандықтарын пайдаланған кезде тыйым салынады:
– жұмысқа арнайы оқудан өтпеген және тиісті біліктілік куәлігін алмаған тұлғаларды жіберуге;
– сұйық отында осы мақсаттар үшін тағайындалмаған үй-жайларда сақтауға;
– жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда қарастырылмаған жанғыш заттарды отын ретінде қол­дануға;
– отынның берілу жүйелерінен сұйық отын аққан немесе газдың кемуі кезінде жылу өндіргіш қондырғыларды пайдалануға;
– бақылау және реттеу аспаптарының құрас­тырылымында қарастырылған жылу өндіргіш қондырғылар болмаған, бұзылған немесе сөндірілген кезде жұмыс істеуге;
– жанғыш материалдарды от қазандықтарында немесе бу өткізгіштерде кептіруге;
– жағылатын пешті қараусыз қалдыруға;
– жағу үшін дайындалатын отынды, сондай-ақ басқа жанғыш заттар мен материалдарды пештің алдындағы табаққа орналастыруға;
– үй-жайларда көпшілік адамдармен іс-шаралар өткізу уақытында пеш жағуға;
– пешті пайдалану жөніндегі нұсқаулықта берілген уақыттан артық жағуға;
Пеш алдына өлшемі 50х70 см темір қаңылтыр қағылу тиіс.
Пештің алдына, үстіне, пеш пен қабырғаның арасына жанғыш заттарды қоюға, пешті ұзақ жағуға болмайды, өйткені қабырғалар тым қызғаннан жарықтар пайда болады. Алаулай жанған оттың шоғы оңай жанғыш заттарға түсіп, өрттің шығуына себепкер болады.
Кейбір тұрғындар пешті жағу үшін керосин немесе бензин қолданады, ал ол қайғылы жағдайға әкеліп соқтырады. Пешті жаққанда жанғыш сұйықтық лезде жанады, пештен от шығып, өрт пайда болады.
Пеш жағу маусымының алдында пешті және түтіндікті тексеріп, оларды жөндеп, күйеден тазалап, жарықшақтарды сылап, шатырдағы түтіндікті әктеу керек. Пештерді және түтіндіктерді жөндеуге және салуға мамандандырылған адамдарды шақыру керек.
Өрт кеңейту бөшкесінің, құбырды құрастыру және оларды жылытудың қате құрылуынан болады. Көп жағдайда кеңейту бөшкелері үйдің шатырында орналастырылады, ал кейбір адамдар оларды және құбырларды жанғыш заттармен жылытып, оларды жанғыш негіздерге құрады, осының бәрі өртке әкеп соқтырады. Бөшкеде су қатқан кезде оны жылыту үшін алау, дәнекерлейтін шам қолданады. Осының нәтижесінде жылытқышқа шоқ түсіп, үйдің төбесі өртенеді. Жүйеден су кеткеннен соң пеш жағу кезінде будың шығуы басталады. Осындай жағдайда кеңейту бөшкесі қатты қызып, жылытқыш жанады. Осы себептен өрт болмау үшін кеңейту бөшкесін жанбайтын негіздің үстіне орналастыру керек, бөшкені және құбырды жанбайтын жылу оқшаулау заттарымен жылыту керек.
Өрт шыққанда немесе төтенше жағдай орын алғанда шұғыл түрде өрт сөндіру бөліміне «101», «112» немесе 21-2-00 нөмірлеріне хабарласып, мекен-жайды асықпай толық айту керек.

Ескерту: Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің негізінде Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 09 қазандағы №1077 «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес пешті салу және жағу кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамауы бойынша әкімшілік жаза көзделген.

Сырдария ауданының
төтенше жағдайлар бөлімі
17 тамыз 2021 ж. 752 0