ПЕШ ҚОЛДАНАРДА САҚ БОЛЫҢЫЗ
Пешті жағудың өрт қауіптілігі неде? Біріншіден, отынды жаққан кезде пештің ішіндегі температура 600-800 градусқа дейін жетеді, одан пеш қабырғалары және түтіндік қатты қызады. Егер ғимараттың ағаш бөлшектері (арқалық, қалқа, еден, төбе және басқа жанғыш құрылымдар мен материалдар) пештің қабырғаларына және түтіндікке тығыз тиіп тұрса, кірпішпен тиісті бөлу болмаған жағдайда – онда олар жануы мүмкін.
Өрт болмау үшін пешті кірпіш немесе тас негізге орналастыру керек. Пештің түтін құбыры шатырдың немесе қабат аралық ағаш жабуынан өткен жерде кірпіш қалауы қалыңдау болу керек. Қалыңдалу құбырдың ішкі бетіне үйдің жанғыш элементтеріне дейін 38 см-ден кем болмау керек.
Егер пеш алдында ағаш еденнің үстіне өлшемі 50х70 см темір табақ қағып қоймаса, пештің аузынан түскен жанып жатқан көмірден өрт шығу мүмкін. Пештің есігін жауып және үлкендердің қарауымен ғана жағу керек.
Пештің алдына, үстіне, пеш пен қабырғаның арасына жанғыш заттарды қоюға болмайды. Пешті ұзақ жағуға болмайды, өйткені қабырғалар тым қызғаннан жарықшақтар пайда болады, олардан, әсіресе шатырда, шоқтар шығып, оңай жанғыш заттарға түсіп, өрттің шығуына себепкер болады. Сондықтан түтіндіктің қабырғаларына мұқият саз жағып, ақтау керек. Егер түтіндікте жарықшалар пайда болса, ол бірден көрінеді, өйткені одан күйе шыға бастайды. Кейбір тұрғындар пешті жағу үшін керосин немесе бензин қолданады, ал ол қайғылы жағдайға әкеліп соқтырады. Пешті жаққанда жанғыш сұйықтық лезде жанады, пештен от шығып, өрт пайда болады.
Пеш жағу маусымының алдында пешті және түтіндікті тексеріп, оларды жөндеп, күйеден тазалап, жарықшақтарды сылап, шатырдағы түтіндікті әктеу керек. Пештерді және түтіндіктерді жөндеуге және салуға мамандырылған адамдарды шақыру керек.
Өрт кеңейту бачоктың, құбырды құрастыру және оларды жылытудың қате құрылуынан болады. Көп жағдайда кеңейту бачоктар үйдің шатырында орналастырылады, ал кейбір адамдар оларды және құбырларды жанғыш заттармен жылытып, оларды жанғыш негіздерге құрады, осының бәрі өртке әкеп соқтырады.
Бачокта су қатқан кезде оны жылыту үшін алау, дәнекерлейтін шам қолданады. Осының нәтижесінде жылытқышқа шоқ түсіп, үйдің төбесі өртенеді.
Жүйеден су кеткеннен соң, пеш жағу кезінде будың шығуы басталады. Осындай жағдайда кеңейту бачок қатты қызып, жылытқыш жанады. Осы себептен өрт болмау үшін кеңейту бачокты жанбайтын негіздің үстіне орналастыру керек, бачокты және құбырды жанбайтын жылу оқшаулау заттармен жылыту керек.
Р.БЕРКІМБАЕВ,
Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері,
азаматтық қорғау капитаны
Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері,
азаматтық қорғау капитаны