Пеш пайдаланудағы талаптар қандай?
Жылыту пештерін пайдаланғанда мына талаптарды орындау қажет:
– жылыту және желдету жүйелері дұрыс жұмыстық күйінде болуға тиіс;
– жылу өндіргіш аппараттардың күлдіктерін еден астындағы алшақтық кеңістігімен қосуға тыйым салынады;
– қатты отынмен жұмыс істейтін жылу өндіргіш аппараттардың от жағатын есігі астындағы жанғыш материалдардан жасалған 0,5х0,7 м кем болмайтын өлшемдегі оттық алдындағы металл табақпен қорғалған болуға тиіс;
– жылыту пештері мен жүйелерінің түтін құбырлары, түтіндіктері және басқа элементтері тікелей жылыту алдында тазартылуға тиіс. Атап айтқанда:
– екі айда бір реттен кем болмай – үздіксіз әрекеттегі пештер мен ошақтар тазартылуға тиіс.
– асхана плиталары және үздіксіз (ұзақ мерзімде) от жағылатын басқа пештер айына бір реттен кем болмай тазартылып тұруы керек.
Елді мекендерде ұйымдарды және тұрғын үйлерді жылыту үшін қолданылатын орталық от қазандықтарын пайдаланған кезде тыйым салынады:
– жұмысқа арнайы оқудан өтпеген және тиісті біліктілік куәліктерін алмаған тұлғаларды жіберуге;
– сұйық отынды осы мақсаттар үшін тағайындалмаған үй-жайларда сақтауға;
– жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда қарастырылмаған жанғыш заттарды (қатты, сұйық, газ тәрізді) отын ретінде қолдануға;
– отынның берілу жүйелерінен сұйық отын аққан немесе газдың кемуі кезінде жылу өндіргіш қондырғыларды пайдалануға;
– бақылау және реттеу аспаптарының құрастырылымында қарастырылған жылу өндіргіш қондырғылар болмаған, бұзылған немесе сөндірілген кезде жұмыс істеуге;
– жанғыш материалдарды от қазандықтарында немесе бу өткізгіштерде кептіруге;
– жағылатын пешті қараусыз қалдыруға;
– жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ басқа жанғыш заттар мен материалдарды пештің алдындағы табаққа орналастыруға;
– үй-жайларда көпшілік адамдардың болуымен онда іс-шаралар өткізу уақытында пеш жағуға;
– пешті пайдалану жөніндегі нұсқаулықта белгіленген уақыттан артық жағуға;
Түтіннің иісі шыққан кезде немесе өрт болған жағдайда тез арада «101» телефонына хабарласыңыз, өрттің мекен-жайы, орны туралы айтып, өзіңіздің аты-жөніңізді айтыңыз.
Естеріңізде болсын! Өрттің алдын алу оңай, ал оны өшіру мен зардабы ауыр. «Өрт – тілсіз жау» екендігін, ал одан келетін зардаптардың орнын толтыру қиын екендігін әрбір азаматтың ұмытпағаны дұрыс.
Сырдария ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің 21-4-94 сенім телефоны жұмыс жасайды.
Сырдария ауданының төтенше жағдайлар бөлімі