Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Серпінді саладағы ілкімді істер

Серпінді саладағы ілкімді істер

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №39 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі қайта құрылымдаған болатын. Құрылым бойынша Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы», Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік орталығы» бірікті. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны осы құрылым негізін құрады. Аталған мекемелер жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ком­мерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мем­лекеттік корпорациясы 2016 жылы 7 сәуірде құрылған Мемлекеттік қызмет көрсетудің бірыңғай провайдері ретінде мекеме мемлекеттік реестрдегі қызметтердің 96,5 пайызын құрайды. 5 жыл ішінде корпорация арқылы 150 млн қызмет ұсынылды.

Республика бойынша 339 Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО), 442 БЭК-ОФИС, 21 цифрлық қызмет көрсету орталығы, 32 мамандандырылған ХҚКО және 69 мобильді ХҚКО қызмет көрсетуде. Бэк-офис бұл қаржы нарығында жұмыс істейтін ұйымның активтері мен міндеттемелерін басқаруға қатысатын бөлімдердің жұмысын қамтамасыз ететін жедел және есеп бөлімі. Бэк-офистің міндеті – фронт-офистің дил­лерлерімен (трейдерлерімен) жасалған нарықтық операцияларды реттейді. Сон­дай-ақ, қаржы ресурстарын қайта бөлу шеңберінде ұйым бөлімдері арасындағы талдамалық (ішкі) операцияларды құжаттық және электрондық тіркеу және қолдау қызметін атқарады.

Корпорация 5 жыл ішінде түрлі даму кезендерінен өтті. Біріктірілген сала қызмет­керлерінің алғашқы тәжірибе алмасуынан бастап, ұжымдық бірлікке жетелейтін сапа саласындағы арнайы саясаты бекітілді. Осы Саясат пен Мемлекеттік корпорацияның 2018-2022 жылдарға арналған Даму стратегиясын іске асыру бойынша негізгі бағыттары нақтыланды.

2020 жылдың қаңтар айынан бастап көп балалы отбасыларға берілетін жаңа форматтағы жәрдемақы тағайындауда әлеу­меттік сала бөлімдері бэк-офис арқылы бірқатар жұмыстар атқарылды. Өткен жылы корона дағдарыс кезеңі болғаны белгілі. Карантин талабын сақтап, үйде отыруға мәжбүр болған тұрғындар мемлекеттік қызметті қашықтан алуға, электронды-цифрлық қолтаңбамен жұмыс істеп, цифрлық қыз­меттің қыр-сырын үйренді. Нәтижесінде 2020 жылы қазақстандықтардың цифрлық сауаттылығы 83 пайыздан асты.

Осы ретте басты мақсат – «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі индикаторларының бірі 2018-2022 жылдар арасында халықтың цифрлық сауаттылығын 77 пайыздан 83 пайызға арттыру болатын. Бұл қарқынды қазіргі ақпараттық заман талабымен түсіндіруге болады. Мәселен, мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметтер жаппай автоматтандырылып, оңтайландырылып, түрлі инновациялық-цифрлық жобалар енгі­зі­луде.

Жұмысқа талап етілетін қағаз анық­тамалар саны да барынша қысқарды. Мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру қыз­метін үйлестіру жөніндегі орталық филиал жүйесінде банктік, қаржылық, әлеуметтік салаларындағы жұмыс тәжірибесі бар мамандар жұмыс істейді. Бастапқыда ор­талық зейнетақы реформасын іске асыру мақсатында құрылғаны белгілі. Бүгінгі күні Мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру қызметін үйлестіру жөніндегі орталық филиалы ауқымын кеңейткен. Мекеме республиканың әлеуметтік және қаржылық жүйесінде көптеген мемлекеттік маңызы бар функцияларды атқарады.

Әлеуметтік қызметтер порталы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау сала­сындағы уәкілетті органның құзыретіне енетін мәселелері бойынша ақпараттық кеңес беру қызметтерін көрсетеді.

Сырдария аудандық әлеуметтік са­ла бөлімі өз кезегінде жыл сайынғы Пре­зидентіміздің дәстүрлі жолдауында көр­сетілген халықты әлеуметтік қолдау бағыты бойынша атқарылатын жұмысқа өз үлесін қосуда. Аудан тұрғындарының әлеуметтік төлемдерін мерзімінде алуы мен сапалы қызмет көрсету ең бірінші міндеті болып саналады. Бөлімде 4128 жасына байланысты зейнетақы алушы, 1512 мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы тіркелген. Сондай-ақ 1164 мүгедектігіне байланысты, 1393 көп балалы отбасы мен түрлі санаттағы 9797 жәрдемақы алушыларға ай сайын 556 118 337 теңге көлемінде төлем жүргізілуде.

Мекемеде 5 қызметкер бар. Бас маман Руслан Уразбаев тағайындалған төлемдер мен бет есептердің дұрыстығын тексеріп, құқық қорғау, сот органдары мен кірістер басқармасымен жұмыстарды үйлестіреді. Жетекші мамандар Базаркүл Құлниязова мен Нұрлан Алдабергенов, маман Дулат Қалиев зейнетақы және жәрдемақы төлемдерін тағайындауға келген азаматтарға керекті құжаттарды айтып түсіндіру, оны орындау, төлемге ендірумен айналысады. Мұрағатшы Әсет Уәлиханов мұрағатта сақталған 15 мыңнан астам құжаттарды қабылдау, сақ­тау, есепке алу жұмыстарын жасайды.

С. ЕЛАМАНОВ,
«Азаматтарға арналған үкімет» МК КеАҚ
Қызылорда облысы бойынша филиалы әлеуметтік сала бойынша
Сырдария аудандық бөлімінің басшысы
31 шілде 2021 ж. 401 0