«Үнді» штамы қандай штамм? Одан келер қауіп қандай?.
Елде КВИ жұқтырғандар саны өсуде...
Сонымен қатар, вирустың таралу қаупін азайту үшін барлық алдын-алу шараларын сақтау қажет: маска кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, қол гигиенасы, үйді үнемі желдету және тағы басқа қауіпсіздік шараларын сақтау. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сүйенсек 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша «Дельта» SARS-CoV-2 штаммы әлемнің 96 елінде анықталған, – деп хабарлайды kursiv.kz/kz.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың сөзінше, елде ауыр және өте ауыр жағдайдағы КВИ анықталған пациенттердің үлесі өсуде. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында сөз сөйлеген министр маусым айында Нұр-Сұлтан қаласынан басқа, стационарлық ем қабылдап жатқан науқастар санының төмендегені байқалғанын айтты.
«Алайда, ауыр және өте ауыр жағдайдағы пациенттердің үлесі артқаны байқалады. Маусым айында вирус жұқтырған ересектер саны 6-дан 7,9 пайызға дейін өссе, балалардың саны 3-тен 27-ге бір-ақ көбейді. Балалар мен жүкті әйелдер қатты ауыра бастады. Инкубациялық кезең 5 күнге дейін қысқарды» дейді министр.
Бас дәрігердің айтуынша, балалар арасында жұқпалы аурудың белсенді тарауы салдарынан инфекция орталық жүйке жүйесін де зақымдап өтеді. Оның белгілері – құрысу, сананың бұзылуы және менингиальды белгілер. Сонымен қатар тыныс алу жеткіліксіздігі клиникасымен пневмонияның ауыр ағымы жағдайлары артқан.
«Әр жастағы балалар арасында аурудың біркелкі таралып жатқаны байқалады, бұл вирустың отбасында таралатынына дәлел. Балалардың 66,2 пайызы отбасы ішіндегі байланыстардың, соның ішінде отбасылық іс-шара, тойға барып вирус жұқтырған» дейді министр.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты министрлік басшысы жергілікті атқарушы органдардан ауру ағымының ерекшеліктеріне назар аударуды және осыған байланысты емханалар мен стационарлардың пациенттерді ерте диагностикалау және уақтылы емдеу, тәуекел топтарын, оның ішінде жүкті әйелдер мен балаларды динамикалық бақылау жөніндегі жұмысын күшейтуді сұрады.
Бұдан бөлек, мультидисциплинарлық дәрігерлік топтардың уақтылы кеңес алуын қамтамасыз ету, эпидемияға қарсы және алдын алу шараларын күшейту, бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтауды жалғастыру, мүмкіндігінше оффлайн режимдегі артық байланыстарды және адамдардың жаппай жиналуын, оның ішінде отбасылық іс-шараларда болдырмау қажет. Бұл ретте COVID-19-ға қарсы вакциналауды белсенді қарқынмен жалғастыру да маңызды.
Тағы бір маңызды жаңалық – электрондық «вакцина паспортының» жаңа нұсқасының дайындалып жатқаны. Жаңа нұсқаны цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп әзірлеуде.
Вакциналаудың барлық кезеңдерінен өткен азаматтарға 3 тілде электрондық құжат беріледі. Онда туған күні, төлқұжат нөмірі, QR-код сияқты жаңа деректер қосылды. Құжат иесі сұрау салушы тарапқа QR-кодты ұсына алады, бұл құжаттың заңдылығын тексеруге көмектеседі.
Қажет болған жағдайда мобильді қосымшаны пайдаланушының телефондағы мессенджерлер арқылы өзінің электрондық құжатымен бөлісу мүмкіндігі бар.