Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Үкімет басшысы жедел тапсырма берді

Үкімет басшысы жедел тапсырма берді

Коронавирустың "Дельта" штаммының таралу жылдамдығы өте жоғары, жылдам өршиді және салдары анағұрлым ауыр, деді премьер

Үкімет басшысы Асқар Мамин коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізіп, елордада санитарлық талаптарды күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мамин Нұр-Сұлтан қаласы әлі "қызыл" аймақта екенін, вирус жұқтырғандар саны азаймай тұрғанын айтты.

Оның сөзінше, бұл елордада қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екенін және вакцина салу қарқыны төмен екенін көрсетеді.

"Өздеріңізге белгілі, елордада коронавирустың "Дельта" штаммына тән мутацияның ықтималдығы анықталып отыр. Оның таралу жылдамдығы өте жоғары, жылдам өршиді және салдары анағұрлым ауыр. Осы ретте  бүгін Ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізуді және Нұр-Сұлтан қаласында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаңдату бойынша шараларды қабылдауды тапсырамын", - деді ол үкімет отырысында.

Премьер-министр Қазақстанда жағдай қалыпты болғанымен, көрші елдерде ахуал күрделі екенін атап өтті. Сол себепті ол мемлекеттік шекарада бақылауды күшейтуді тапсырды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, "үнді" штаммы өзге штаммдарға қарағанда тез жұғады және инкубациялық кезеңі қысқа, 7 күнге дейін созылады.

Жуырда жүргізілген зерттеулер "Дельта" штаммнан өлім-жітім көп болатынын көрсетіп отыр. Індетке шалдыққандарда жаңа симптомдар байқалуда: буындар мен іштің ауыруы, тіпті есту қабілетінен айырылу қаупі бар.

"Үнді штаммының жұққыштығы, ауыр салдары мен белгілері туралы қолда бар мәліметтерді ескеріп, өңірлер дәрі-дәрмектің жеткілікті қорын, жасанды тыныс алдырту аппараттары, жеке қорғаныш құралдары, төсек-орын қорын, сондай-ақ жедел жәрдем мен мобильді бригадалардың дайындығын қамтамасыз етуі қажет", - деді Цой үкімет отырысында.


07 шілде 2021 ж. 111 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам