Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » «Дельта» штамы еліміздің барлық өңірінен анықталды – ДСМ

«Дельта» штамы еліміздің барлық өңірінен анықталды – ДСМ

Денсаулық сақтау министрлігі КВИ науқастарынан алынған оң зертханалық үлгілердің ПТР скринингін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

2021 жылдың 1 шілдесіне Үнді штамын анықтау үшін 414 сынаманың ПТР скринингі өткізілді. Нәтижесі бойынша 48,3% Үнді штамы барлық облыс пен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында табылды.

Мутацияның болуын және оның «Дельта» штамына жататындығын түпкілікті растау үлгісінің ДНҚ толық геномдық реттілігі аяқталғаннан кейін анықталады.

Дельта штамын жұқтырған науқастарда аурудың тез дамуы, жас науқастар санының көбеюі, ішек аурулары белгілерінің болуы байқалды. Сондай-ақ балалар мен жүкті әйелдер арасындағы жағдай мәз емес.

Осыған байланысты денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтардан өзінің және жақындары мен туыстарының денсаулығына қамқорлық танытуын сұрайды.

Инфекциядан қорғаудың жалғыз әдісі - COVID-19-ға қарсы вакцинациясы.

Сонымен қатар вирустың таралу қаупін азайту үшін маска тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау, қол гигиенасы, үй-жайларды желдету және т. б. алдын алу шараларын сақтау қажет:

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сүйенсек, 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша «Дельта» SARS-CoV-2 штамы әлемнің 96 елінде анықталған.
07 шілде 2021 ж. 514 0