Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет
» » ДДСҰ: COVID-19 індетінің қарқыны азайды

ДДСҰ: COVID-19 індетінің қарқыны азайды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 індеті таралу қарқынының біршама азайғанын мәлімдеді, деп хабарлайды egemen.kz. Дегенмен сақтық шараларын сақтауды ешқашан тоқтатпау қажет дейді ұйым өкілдері.

– Біз бір күнде індет жұқтыру санының төмендегенін байқап отырмыз және бұл қуанарлық жаңалық. Бұған бірқатар факторлардың қатысы бар, соның ішінде елдердің вирустың таралуына жол бермеу мақсатында қолға алған сақтық шараларын атап өтуге болады. Мемлекеттердің індетті жұқтырудан қорғау шаралары, медициналық қызметкерлердің даярлығы және вакцинация кампаниясы дерттің тұсаулануына әсер етіп жатыр. Ауру деңгейі төмендеген елдер пандемиямен күресті тоқтатпауы керек. Адамдар да өз кезегінде әлеуметтік қашықтық сақтап, маска тағып, қол тазалығына ерекше мән беріп, жұртшылық көп шоғырланған орындардан аулақ жүргені жөн, – дейді ДДСҰ эксперті Мария ван Керкховен.

ДДСҰ мәліметі бойынша, қазір әлемде вирус жұқтырғандар саны 104,3 миллионнан асты. 2,2 млн адам көз жұмды. Қаңтар айының бірінші жартысынан бастап індетті жұқтыру дерегінің төмендегені байқалған.
07 ақпан 2021 ж. 375 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам