Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№34 газет

09 мамыр 2026 ж.

№33 газет

05 мамыр 2026 ж.

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Басшылар байланыста

Басшылар байланыста

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Қызылорда облысында жыл басынан бері «Басшылар байланыста» жобасы жүзеге асырылуда.

23 маусым – Мемлекеттік қызметші күніне орай 2021 жылғы17 маусымда «Aray City Mall» сауда - ойын-сауық орталығында «Басшылар байланыста» жобасының кезекті шарасы өтті.
Шара барысында әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй, коммуналдық, жер, сәулет, құрылыс, кәсіпкерлік, білім, денсаулық, кірістер, көлік құралдарын тіркеу және көші-қон мәселелері бойынша мекеме басшылары азаматтарды қабылдап, мемлекеттік қызметтерді алу жолдары түсіндірді.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті және облыс әкімдігі бірлесіп ұйымдастырған аталмыш шара тұрғындардың қызығушылығын тудырды. 100-ге жуық тұрғынға мемлекеттік органбасшыларымен консультациялық көмек көрсетілді.

«Жыл басынан бері облыстағы қызмет беруші мекемелермен 2 млн. 132 мың мемлекеттік қызмет көрсетілген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,5 есеге артқан. Электрондық қызметтердің үлесі 20% артып отыр», - деді департамент басшысы Рафхат Бисенов.
18 маусым 2021 ж. 692 0