Жаңа ақпараттық жүйе іске қосылады

Сонымен қатар осы мақсатта биылғы жылы азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну жұмысын жеңілдетіп, өтініштерді бақылау ісін жетілдіретін «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылатын болады. Ақпараттық жүйе өтініштерге қатысты процестерді цифрландыруды қамтамасыз етеді. Тиімділігін арттыру бағытында, мемлекеттік органдардың құзыретіне қарай өтініштерді автоматты түрде бөледі. Мемлекеттік органдар арасында сауалдар санын оңтайландыру есебінен өтініштерді қарау мерзімін қысқартады. Өтініштерді қарауда өтініш берушіні ақпараттандыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі өтініш берушімен кері байланыс орнатып, мемлекеттік органдардың жұмысына баға беруге жол ашады. Мемлекеттік органдардың жауабына міндетті түрде жүйелі талдау жүргізіліп, бұл жұмыс жауапсыз қалдыру ісінің алдын алып, нақты салада өтініштерді қараудың бірыңғай тәжірибесін жолға қоятын болады.
А.Ұзақбаев,
аудан әкімі аппаратының
құжаттамалық қамтамасыз ету
және бақылау бөлімінің басшысы