Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Аудандық газетке қолдау көрсетті

Аудандық газетке қолдау көрсетті

Аудандық мәслихат депутаты, «Мағжан және К» серіктестігінің төрағасы Дархан Ералиев аудандық газет редакциясына зор қолдау көрсетіп, өзі басқаратын серіктестіктің 200 қызметкеріне аудандық басылымды жаздыртып берді. Бұл 82 жылдық тарихы бар аудандық «Тіршілік тынысы» газеті үшін зор қолдау болды.

Жақында аудандық газетте «Ірі шаруашылықтағы іргелі істер» тақырыбында мақала жарияланған болатын. Аталған мақалада Дархан Ералиев басқаратын «Мағжан және К» серіктестігінің жемісті жұмысы, егін даласындағы еңбек дүбірі кеңінен қамтылды. Сонда аудан көлемінде Нағи Ілиясов ауылының үздік екенін, ал аудан шаруашылықтарының арасында «Мағжан және К» серіктестігінің көш бастап тұрғанын атап өткенбіз. Айтқанымыздай, баспасөзге жазылу науқанында да аталған серіктестік көш басынан көрінді. Әзірге ауданда «Мағжан және К» серіктестігі секілді аудандық газетке ең көп жазылған шаруашылық жоқ.

Қазақ баспасөзіне қолдау көрсетіп, жанашырлық туын биікте желбіретіп келе жатқан Дархан Ералиев ағамызға зор алғыс айтамыз.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ,
"Тіршілік тынысы" газетінің бас редакторы
04 маусым 2021 ж. 740 0