Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№9 газет

03 ақпан 2026 ж.

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

№ 7 газет

27 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Алғашқы дән себілді

Алғашқы дән себілді

Дән себу науқаны Н.Ілиясов елді мекеніндегі «Мағжан және К» ЖШС-де өткізілді. Биылғы жылы аталған шаруашылық 5 мыңнан астам ал­қапқа күріш егуді жоспарлап отыр. Серіктестік төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Дархан Ералиев егіншілерге сәттілік тілеп, алғашқы дән себу науқаны басталды.
– «Көктемнің бір күні жылға азық» деген хал­қымыз үшін қызу тіршілік басталды. Күзде қам­ба­мыз астыққа толып, егініміз мол өнім бергей. Еліміздегі төтенше жағдай шаруалар жұмысына кедергі келтірмеуі тиіс. Егістік алқапта жұмысшылар бетпердемен жүріп, тәртіпті сақтағаны жөн. Біріксек, індетті жеңеміз. Еңбектеріңіздің жемісін көріп, молшылық болсын, – деді Дархан Жұмашұлы.
Еске сала кетейік, өткен жылы аудан бойынша 21 мың гектар алқапқа Сыр салысы егілген болатын. Аймақ бойынша орташа өнім 61 центнерді құрады.

Майя ҚОЖАБАЙ
28 сәуір 2020 ж. 1 111 0