Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Алғаусыз алғысқа ие болды

Алғаусыз алғысқа ие болды

Ақжарма ауылының тұрғындары жергілікті кәсіпкер Ол­жас Асқаровты жақсы таниды. Елді мекенде азық-түлік дүкені кәсібін дөңгелетіп отырған азаматты ақжарма­лық­тар Атымтай Жомарт ретінде біледі.

«Береке» сауда дү­ке­нінің иесі, жас кә­сіпкер берекенің көзі игілікті іс жасауда екенін ұғын­ған. Соған байланыс­ты ауыл халқына әркез жанашырлық танытып, қайырымдылық кө­мек көрсетуді назардан қалдырған емес. Ол табысының бір бөлігінен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік­тей көмек көр­сетуді үр­діске айналдырған. «Оң қолың бергенді сол қо­лың білмесін» дегендей, жас кәсіпкер жасаған қайырымды істерін жа­рия­ға жар салғысы кел­мейді. Алайда, ауыл жұрт­­шылығы қайырымды жан­ға алғаусыз алғысын білдіріп келеді.

О.Асқаров жақында тағы бір жақсы­лыққа демеушілік көрсетті. Ауыл әкім­дігі мен ауылдық мәдениет үйі бір­лесіп, «Жүрек жылуы» іс-шарасын ұйым­дастырды. Соның барысында мүм­кіндігі шектеулі бүлдіршіндерге арнайы барып, азық-түлік пен ойыншық­тарды табыс етті. Ауылдық мәдениет үйінің директоры Айтмағанбет Темір­ханов ізгілікті іс-шараның мән-маңызын атап өтті.

– Қайырылымдық жасау – жақсы қа­сиет. Осыған орай, ауыл әкімдігімен бірлесіп, игілікті іс-шара өткізуді ұй­ғардық. Сол арқылы мүмкіндігі шектеулі балдырғандарды қуанту мақсатымыз болды. Осы іс-шарамызға ауыл кәсіпкері қолдау білдіріп, бүлдіршіндердің қуа­нуына ерекше үлес қосты. Сондықтан жас кәсіпкерге айтар алығысымыз шек­сіз, – дейді А.Темірханов
Ауылдың Атымтай Жомартына бүл­діршіндердің отбасы да зор ризашылығын білдірген.

Ердос БЕРКІНБАЕВ
25 мамыр 2021 ж. 358 0