Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Азық-түлік бағасында өзгеріс бар ма?

Азық-түлік бағасында өзгеріс бар ма?

ҚР Сауда және интеграция, Ауыл шаруашылығы және Ұлттық экономика министрліктерінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларын енгізу туралы»№ 63-НҚ бірлескен бұйрығымен кейбір азық-түлік тауарларына шекті бөлшек бағалары бекітілді. Бұл туралы  Сырдария аудандық ауыл шаруашылығы бөлімнің фейсбук парақшасында жарияланды. 
Қызылорда облысы бойынша шекті бөлшек бағалары мынадай:  Бірінші сортты бидай ұны, кг - 154 теңге, бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді) кг - 143 теңге, рожки (өлшеніп салынатын) кг-197 теңге,  қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын) кг - 294 теңге, тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын) кг-251 теңге, сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі) кг-1760 теңге, тауық жұмыртқасы (I санатты) ондық - 286 теңге, күнбағыс майы кг-414 теңге, аc тұзы («Экстра»-дан басқа) кг - 47 теңге болып белгіленді. 
09 сәуір 2020 ж. 1 003 0