Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өнеріміз төрде болсын!

Өнеріміз төрде болсын!

«Өнер әлемі – шексіздікті сүйеді, тереңдікті қалайды». Таланттармен тікелей жұмыс істейтін сала қызметкерлерінің жан-дүниесі бай, рухы биік, ойы асқақ, мақсат-міндеті жоғары болатыны сондықтан. Ұзақ жылдар ауданның мәдениеті мен өнерін өрістету жолында еңбек етіп, бүгінде бейнетіміздің зейнетін көрудеміз.

«Толқынды толқын қуады, толқыннан толқын туады» десек, біздің бүгінгі ізбасарларымыз да осал емес. Облыста, тіпті республикада Сырдария ауданының өнер қайраткерлерінің есімі зор құрметпен аталады. Себебі, ақиық ақын Асқар Тоқмағамбетов, сатира сардары Қалтай Мұхамеджанов, театр анасы Сәбира Майқановалардың кіндік қаны тамған өлкенің азаматтары абыройлы жолды лайықты жалғастырып келеді. Аға буын мен жастардың арасында да сабақтастық қалыптасқан, аудандық мәдениет үйі бізді іс-шаралардан қалдырмай, зор құрметпен шақырып, бізбен кеңесіп, ақылдасып отырады. Мұның бәрі сала жұмысының бір ізге түскенін білдіреді.
Төл мерекеде әріптестеріме, жас буын өкілдеріне шығармашылық сәттілік тілеймін, өнеріміз төрде, өреніміз өрде болсын!

Жантемір АЙСИН,
ҚР Мәдениет саласының үздігі
22 мамыр 2021 ж. 671 0