Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Аудан әкімінің мерекелік құттықтауы

Аудан әкімінің мерекелік құттықтауы

Құрметті мәдениет қызметкерлері
мен сала ардагерлері!
Сіздерді «Мәдениет және өнер саласы қызметкерлері күні» кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
2012 жылы алғаш рет тәуелсіз еліміздің мерекелер тізбесіне жаңа кәсіби мереке ретінде «Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні» енді.
Сіздер елдігіміздің басты нышаны - өнеріміз бен мәдениетімізді, ғасырлар бойы атадан балаға мұра болған асыл қазынамызды өскелең ұрпаққа жеткізу жолында аянбай еңбек етіп келесіздер.
Елбасы «Мәдениет - қазіргі заманғы адамды қалыптастыру мен дамытуға ықпал ететін әлеуметтік жаңғырудың маңызды бөлігі болып табылады» деп айрықша атап көрсетті.
Елдің мәдениеті өркендеп дамыса, сол елдің еңсесі биік, рухы асқақ ел болары ақиқат. Қазақ баласының мызғымас ерлік дәстүрінің тамыры ел мәдениетінің дамыған көрінісі болып табылады.
Құрметті мәдениет қызметкерлері!
Аудан мәдениеті саласының одан әрі гүлденуіне, өнеріміздің асқақтауына қызмет етіп, өнерсүйер қауымды шығармашылық табыстармен қуанта беріңіздер.
Сіздерді   кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай  отырып, отбастарыңызға  амандық,  еңбектеріңізге табыс тілеймін.
Мерекелеріңіз құтты болсын!

Құрметпен аудан әкімі Руслан Рүстемов
21 мамыр 2020 ж. 1 457 0