Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 36 газет

07 мамыр 2024 ж.

№35 газет

04 мамыр 2024 ж.

№ 34 газет

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Марат ЕРТАШОВ, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы: Орталық стадионға күрделі жөндеу жүргізіледі

Марат ЕРТАШОВ, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы: Орталық стадионға күрделі жөндеу жүргізіледі

Тәуелсіздік жылдары аудан спорты биік белестерді бағындырды. Сырдарияның ұл-қыздары спорттың жұлдыздары атанып, ауданның ғана емес, облыстың, елдің намысын биіктетті. Ауданымыздан Ел чемпиондарымен қатар, халықаралық жарыстың жеңімпаздары шығып, жанкүйерлерге қуаныш сыйлады. Осы ретте, аудан спор­тының аяқалысы мен негізгі жай-күйі жөнінде аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Марат Ерташовпен сұхбаттасқан едік.

– Марат Жарылқасынұлы, өзіңізге бел­гілі спорттың дамуы үшін инфрақұрылым маңызды рөлге ие. Ауданда қанша спорт нысаны бар? Олардың жаңартылуы, жөндеу жұмыстарының жүргізуілуі туралы айтып өтсеңіз.

– Спорт – денсаулық кепілі. Біздің негізгі мақсатымыз – халықтың бұқаралық спортпен шұғылдануын қамтамасыз ету. Ауданда 2 стадион, 5 спорт кешені, 1 тир, 2 спорттық ядро, 50 қарапайым спорт алаңы, 22 шағын жасанды синтетикалық төсеніштен жасалған спорт алаңдары, 48 спорт зал, жұмыс жасау үстінде. Анығын айтқанда, 130 спорт нысандары тұрғындардың игілігіне қызмет етеді.

Алдағы уақытта «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Тереңөзек кентіндегі орталық стадионға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Осы күні күрделі жөндеу жұмыстарының құжаттары әзірленуде.

Аудан бойынша тұрақты түрде қанша адам спортпен шұғылданады? Қандай спорт түрлері жолға қойылған және спортшыларды дайындайтын кәсіби мамандар жеткілікті ме?

Ауданымызда жергілікті тұрғындар мен оқушыларды есептегенде 11729 адам спортқа тартылған. Бұл көрсеткіш спортпен айнылысушылардың 31 пайыз екенін айқындап тұр.

Аудан халқына спортпен шұғылдануды машықтандыратын дене шынықтыру мұғалімі және оқытушы-жаттықтырушылар саны – 230-ы құрайды. Оның ішінде, 199-ы жоғарғы білімді, 30-ы арнаулы орта білімді мамандар екенін айта кеткен жөн. Жалпы білім беретін мектептерде 124 дене шынықтыру пәнінің мұғалімі бар. Жекелеген спорт түрлерінің жаттықтырушы-оқытушылар саны – 57. Бізде 2 облыстық аға жаттықтырушы, 2 «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы», 2 спорт шебері, 2 халықаралық дәрежедегі спорт шебері жұмыс істейді.

Бүгінде ауданда 574 дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық үйірмелер бар. Негізінен, ауыр атлетика, баскетбол, бокс, волейбол, гандбол, дзюдо, еркін күрес, жеңіл атлетика, көгалдағы хоккей, таеквондо, үстел теннисі, футбол, белбеу күресі, гір спорты, дойбы, қол күрес, кіші футбол, самбо, шахмат, асық ату, бес тас, көкпар, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, грэпплинг, панкратион сияқты спорт түрлерін дамыту жолға қойылған.

Денсаулық топтарында оның ішінде жалпы білім беру мекемелерінде 3509, орта арнайы оқу орнында 159, ұйымдарда 804, балалар жасөспірімдер клубында 650, қызығушылық бойынша дене шынықтыру-сауықтыру клубтарда 4864, балалар-жасөспірімдер мектебінде, олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінде 1743 адам спортпен шұғылданады.

– Бұқаралық спортты дамыту бойынша қандай жұмыстар атқарылуда?

– Бұқаралық спортты дамыту үшін мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс шеңберінде аудандық бюджеттен тиісті қаражат бөлініп, 26 спорт нұсқаушысы 14 елді мекенде аудан тұрғындарын бұқаралық спортқа тартуда. Спорт нұсқаушылар кешкілік уақытта облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен аудан әкімдігі арасында жасалынған меморандум аясында білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта жас­тар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру және спортпен шұғылдануы үшін пайдаланып келеді.

Бұқаралық спортты кеңінен насихаттау мақсатында барлық елді мекендегі спорт нұсқаушылар спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға, халықты спорттық іс-шараларға тартуға, сапалы жұмыс жүргізуге арнайы жоспар құрған. 2021 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде Сырдария ауданы тұрғындарын бұқаралық спортпен қамтуды «Қайырымдылық көмек-Сырдария» ҚҚ жүзеге асырады.

– Мемлекеттің негізгі ұстанған саясатының – мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыру. Бұл ретте, ауданда мүмкіндігі шектеулі жандар қаншалықты спортқа тартылған?

– Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау күн тәртібінен түспейді. Ерекше жандар дене шынықтыру мен спорт арқылы жаңа мүмкіндіктер сыйлау – басты мақсатымыз. Оларды оңалту мен бейімдеу бойынша спорт саласындағы артықшылықтарға басымдық беріліп келеді.
Мәселен, барлық спорт объектілеріне мүмкіндігі шектеулі спортшылардың дене шынықтыру – сауықтыру қызметтерін тегін пайдалану Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2015 жылғы 14 мамырдағы №178 бұйрығына сәйкес, толық шешімін тапқан.

Мүмкіндігі шектеулі спортшылардың, олардың ішінде кресло – арбалармен жүретіндердің спорт нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аудандағы Шаған, Н.Ілиясов, Ақжармадағы спорт нысанына тұтқалы пандустар орнатылса, кент орталығындағы спорт кешенінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналып іштен адам шақырту қондырғысымен жабықталған.

Қызылорда қаласындағы мүмкіндігі шектеулі спортшылардың спорт клубының 2 жаттықтырушы тоғызқұмалақ, оқ ату түрі бойынша 30-ға жуық мүмкіндігі шектеулі азаматтарды спортқа баулу үстінде. Мүмкіндігі шектеулі спортшыларға спорттық киім алу, оларды арнайы қажетті спорт жабдықтармен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар қолға алынуда.

– Аудан спортшыларының қол жеткізген толағай табыстарына тоқталып өтсеңіз.

– Аудан бойынша 2021 жылдың 3 айында 22 дене шынықтыру және спорттық іс-шаралары өткізіліп, оған 1742 қатысушы тартылды. Аудандық және аудандық ашық деңгейде 21 жарыс, облыстық және облыстық ашық деңгейде 1 жарыс өткізілді.

Жалпы, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі тек аудандық жарыстарды өткізіп, облыстық жарыстарға қатысуымен шектелмейді. Спартакиада, турнир, біріншілік пен көпшілік жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, жекелеген спортшылар облыстық, республикалық, халықаралық жарыстардан жоғарғы дәрежедегі жетістікпен оралуда. Атап айтқанда, Тараз қаласында өткізілген футболдан 2009-2010 жылғы жасөспірімдер арасында «Dostyk-Lifе» жүлдесіне арналған республикалық турнирде Сырдария ауданының командасы ІІ орын, Талдықорған қаласында өткізілген 2007 жылғы жасөспірімдер арасында, индор хоккейден ҚР чемпионатынан аудан құрама командасы ІІІ орын, Арал қаласында, өткізілген волейболдан 2007-2008 жылғы қыздар арасында А.Ахановты еске алуға арналған республикалық турнирде аудан құрама командасы ІІ орын иеленді. Қарағанды қаласында өткізілген 14-15 жас аралығындағы балуандар арасында грэпплингтен ҚР чемпионатында 48 келі салмақ дәрежесінде Ұлту Асқар І орын, нағилық Бибарыс Жұбанияз ІІІ орын иеленді. Одан бөлек, биыл Арал қаласындағы асық атудан ерлер арасында облыс біріншілігінде Сырдария ауданы құрамасы І орын иеленіп, республикаға жолдама алған болатын. Ел чемпионатынан асық атудан командамыз ІІІ орынға қол жеткізді. Ал Павлодар қаласынла 17,19, 21 жас аралығындағы тоғызқұмалақтан ҚР чемпионатында рапид, блиц, классикадан Дамир Ахметов, Ақерке Кенжебекова, Нұрсұлу Маханова, Әсем Дәуренбекқызы, Жантөре Аманқос жеңімпаздар қатарынан көрінді. Сонымен бірге жекелеген спорт түрлерінен облыс біріншілігіне қатысқан спортшыларымыз жеңіс тұғырынан көрінді.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан
Балтабай ОРДАБЕКОВ
27 сәуір 2021 ж. 685 0