АУДАН СПОРТЫ ДАМУ ЖОЛЫНДА
Адам өмірінде спорттың өзіндік орны бар. Ол сергектік, денсаулық кепілі. Аудан спортшылары жылды қалай қорытындылады. Осыған орай аудан әкімдігінің мәжіліс залында ауданның дене шынықтыру және спорт саласы бойынша 2018 жылы атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы жиын өтті. Жиынға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы О.Акимов, аудан әкімінің орынбасары Е.Ахетов, мекеме, бөлім басшылары, жаттықтырушылар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Аймақта спорт саласы еліміз бойынша алдыңғы қатарда. Бұл жетістік өткен жылдың қорытындысында ҚР Спорт министрлігі тарапынан лайықты аталды.
Ауданда дене шынықтыру мен спортты дамытудың негізгі көрсеткіші ол – тұрақты дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар санын ұлғайту болып табылады. Есепті кезеңде ауданда 43 дене шынықтыру ұжымдары жұмыс жасаса, дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар қатары 28,3 пайызға көтеріліп, 10 992 адамға жетіп отыр.
Елбасы Жолдауын жүзеге асыру мақсатында 2020 жылға қарай спортпен тұрақты шұғылданушыларды 30 пайызға жеткізу жоспарланған. Ол үшін спорт нысандарының санын көбейту қажет. Қазіргі таңда ауданымызда тұрғындарының спортпен шұғылданулары үшін түрлі деңгейдегі 130 спорт нысандары жұмыс жасайды, 2014-2017 жылдары аралығында аудан орталығы, елді-мекендерде барлығы 3 спорт кешені, 1 стадион пайдалануға берілсе, 2018 жылы облыстық бюджеттен тіректі елді мекен Ақжарма ауылында салынған спорт кешенінде қазіргі таңда 200-ге тарта ауылдың жасөспірімдері мен жастарының шұғылдануларына мүмкіндік жасалды.
Сонымен қатар, Бесарық елді-мекенінде «Абай Даулет» шаруа қожалығының демеушілігімен 100-ден аса жасөспірімдердің спорттың дзюдо, таеквондо түрлерімен шұғылдануларына жағдай жасалды, аталған шаруа қожалығы оларды жаттықтырушылар және қажетті спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп келеді.
Тұрғындардың көшедегі спорт алаңдарына қолжетімділігін арттыру мақсатында кент орталығынан 2 спорт алаңы мен тренажер қондырғылары бар алаң салынуда, сондай ақ үстіміздегі жылы 5 стрит воркаут, стритбол алаңдарының құрылысы салынбақ.
2018 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының сапына спорт түрлері бойынша 40 аудан спортшылары енсе, 1 Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 47 ҚР спорт шеберлігіне үміткер, І разрядты 32 спортшы дайындалды.
Аудан спортшылары облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысып, келесі нәтижелерге қол жеткізді: ҚР чемпионаттарында 61 медаль (31 – алтын, 18 – күміс, 12 – қола), Азия чемпионаттарында 4 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль иеленді.
«ТТ» ақпарат