Барынша оқшауланған абзал

Медицина қызметкерлерінің айтуынша, аты жаман кеселдің үлкен кісілерге қауіптілігі жоғары екен. Әрине, егде тартқан адамның иммунитеті де әлсіздеу келеді. Сондықтан халықты әзірге үйден шықпай, сақ болуға шақырамын. Біз мұндай кезеңді сабырлылық танытып, ауызбірліктің арқасында еңсеріп шығатынымыз анық. Себебі, ата-бабаларымыз бекем бірліктің нәтижесінде көптеген нәубетті жылдар мен оба, кеселдерден аман шыққан.
Жалпы, тұрғындардың әлеуметтік арақашықтықты сақтап, вирустан қорғану құралдарын пайдаланғаны дұрыс. Әзірге той-томалақ, жиындарды қысқарта тұрған абзал. Әлі алаңсыз ашық аспан астында талай той тойлайтын күн туады деп сенеміз. Карантин талаптарын қатаң сақтайық, ағайын! Мейлінше, себепсіз үйден шықпай, барынша оқшауланған абзал.
Бағдат ЕСНАЗАР,
аудандық мәслихат
депутаты
аудандық мәслихат
депутаты