Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Тәртіпсіз ел болмайды

Тәртіпсіз ел болмайды

Әлемді жайлаған коронавирус инфекциясы қайта күшіне мінді. ахуал күрделену үстінде. Індеттің таралуы бойынша ауданда карантин талаптары күшейтілді. Санитарлық ережелерді қатаң ұстанған жағдайда қауіпті індет өмірімізден алшақтайды. Әрбір адам денсаулықтың қадірін жоғары бағалауы тиіс. Ғалымдар негізсіз дабыл қағып жатқан жоқ. Барлығы халықты қауіпті індеттен сақтап қалудың амалы.

Бүгінде құқық қорғау саласының мамандары жергілікті тұрғындарға санитарлық талапты түсіндіруде. Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, шектеу шаралары жүргізіле бермек. Індет өршіген уақытта көпшіліктің қатысуымен жиын-тойлар азаяр емес. Көшеде топтасып жүрген немесе кәсіпкерлік нысандарына бетпердесіз кірген азаматтар жетерлік. Санитарлық талаптарды бұзған жеке тұлғалар айыппұл арқалауда. Бір-бірімізге жанашырлық танытып, індеттен қорғану амалын жасайық.

Қазіргі таңда індетпен күресудің негізгі жолы – вакцина салдыру. Ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы денсаулығымызға қорған бола аламыз. «Саулық – сақтықта» екенін ұмытпайық.

Ербол ЖАНӘЛИЕВ,
аудандық полиция бөлімі
бастығының орынбасары
16 сәуір 2021 ж. 815 0