Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

ҚАРАБИБІ


Ел аралап жүр­­­­­­­­­­­­генде көптеген әңгімелерді естиміз. кей жағдайда Оларды айтары бар ақса­қалдардан әдейілеп сұ­рап аламыз. Өйткені, көпті көрген қа­риялар құр сөз емес, құнды аңыз-әңгімелерді айтады. Олардың көбісі әулиелігімен, ақыл­ды­лығымен ерекшеленген тұл­ғалар туралы. Жуырда сондай әңгімелердің бірін
тыңдаған едік.
Сыр бойынан шыққан Қаракөбен деген кісі Арқа жақта молдалық етіп, бала оқытады. Ол арабша оқуда өте сауат­ты екен. Оның Қарабибі есімді әйелі болыпты. Бірақ Қаракөбеннің өзінен ұрпақ жоқ. Арқада жүргенде ол қатты науқастанады. Сол кезде әйелі Қарабибіге:
– Менің аз ғұмырым қалды. Мен о дүниелік болғанда үш күн күт. Менің мүрдемді Сырдан келіп алып кетіп, Мүлкілән әулиенің жанына қояды, – дейді. Сонда әйелі:
– Қожеке-ау, Қыр қайда, Сыр қайда? Күн ыстық. Үш күн сақтай аламыз ба, – дегенде Қаракөбен:
– Сен тек айтқанды істе. Келіп, алып кетеді. Содан кейін бұл жақта сен мал-мүлкіңе ие бола алмайсың. Сөзімді тыңдап, Сырға көш. Сол жақта туысқандарым бар, біреуінің етегінен ұстарсың, менен рұқсат, – дейді.
Айтылғандай-ақ, көп ұзамай молда бақилық сапарға аттанады. Уәде бойынша Қарабибі Сыр жақтан келетіндерді екі күн күтеді. Үшінші күні сәскелік уақытта жұртшылық мүрдені көп сақтауға болмайтынын айтып күңкілдей бастайды. Сонда Қарабибі:
– Анау тұрған төбенің басына шығып қараңдар. Мүмкін, келе жатқан шығар. Ешкім болмаса, жөн-жоралғыны жасай береміз, – дейді. Сол сәтте төбе басына шыққанда алыстан түйе жетектеп келе жатқан екі аттылы көрінеді. Әні-міне дегенше аттылы адамдар келіп, сәлемдеседі. Содан аманаттарын сұрайды. Бірақ, хат-хабар жіберілмегендіктен, бұлардың келгеніне көпшілік таң қалады. Сөйтсе, олар түйеге екі сандықты артып, үстіне керегені қойып, дайындалып келген екен. Соған молданың денесін салып, алып кетеді. Олар ұзап барып, ғайып болып кеткен. Қаракөбен айтқандай, оның денесі Мүлкілән әулие күмбезінің жанына жерленіпті.
Қайтқан кісінің жоралғыларын жасаған соң Қарабибі Сырға, оның ішінде қазіргі Шіркейлі ауылы аумағына көшіп келеді. Елге келгеннен кейін бір мал сойып, үлкендерді жинайды. Құран бағышталып болған соң Қарабибі:
– Мен Қырдан күйеуімнің өсиетін орындап келіп отырмын. Орталарыңызға келдім, мына малдың бәріне бір өзім ие бола алмаймын. «Отағасымның Сырға көш, сол жақта туысқандарымның біреуінің етегінен ұстарсың, менен рұқсат» деген аманаты бар еді. Кімге шықсам, бүкіл мал-мүлкім соныкі болады, – дейді. Жиналғандар бір-біріне қарап, «Енді кімнің етегінен ұстайсың?» дегенде Қарабибі «Осы жерде отырған молданың» деп жауап берген. Молда деп отырғаны Тапал ахун. Шын есімі – Нұрмұхаммед. Ол елден асқан даналығы мен ғұламалылығының арқасында көпке сыйлы болған кісі. Нұрмұхаммедтің әкесі Қадыр – Құлболды ишанның шәкірті. Міне, сол Тапал ахунның етегінен ұстап, одан Жәміш (Жәмаладдин) туады, одан қазақ поэзиясының ақтаңгері Әбіраш туады.
Бұл әңгімені бізге шіркейлілік ақсақал Біләл Махашұлы айтты. Ол кісі Жәміштің өз аузынан естіпті.

Ердос СӘРСЕНБЕКҰЛЫ
30 қаңтар 2018 ж. 2 406 1

Гость JeaOrer от 7 ақпан 2019 04:16
Propecia Tijdens Zwangerschap generic cialis canada Ivermectin For Sale From Great Britain Side Effects To Cephalexin Cephalexin For Urinary Tract Infection Super Kamagra Kamagra Super Review viagra Tadalafil And Dapoxetine Canadian Online Pharmacy