Берік отбасы – есірткіден алыс

Ата-ана өз тарапынан отбасы өмірінде баланы еңбекқорлыққа тәрбелеуі керек. Абай атамыз: «әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз қорқақ ,мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсызнадан келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ ,өзі тойымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады» – дегендей, тәрбиелеп отырған ұрпағымыздың өнегелі болуы біздің болашағымызды болжайды, айқындайды. Есірткімен күресті қоғам болып дамытуымыз қажет. Өзге елдердің, әсіресе Еуропа елдерінің біздің ұрпақтарымыздың дамуына ықпалы тиіп жатады. Олардың өмірін бізге насихаттайтын әлеуметтік желілер.
Отбасы өмірінде баланың, жасөспірімнің немен айналысып, қандай сайттарға кіріп қарайтынын бақылап қою маңызды. Жаңа заманның талаптары да, жауапкершілігі де ерекше. Қанша сақтандық, алдын алдық дегенменде жаман нәрсе ықпалын тигізбей қоймайды. Мектеп тарапынан да, отбасы тарапынан да,қоғам тарапынан да қолдайтын балаларға арналған көмекші ұжымның болғаны орынды. Балалар отбасында бақытты, көңілді болса – оның көңілі басқа жаққа ауыса қоймайды. Жанындағы достарымен жақсы қарым қатынас жасап бейбіт өмір сүруге бала міндетті. «Өсер елдің баласына лайық салмақты, сабырлы, білімді, жат қылықтан аулақ, елдің ертеңгі азаматы болып өсе берейік!» дегім келеді. Алдағы уақытта бұл мәселе әдетке айналмайтынына сенімдімін! Болашақ ұрпак есірткіге тәуелділіктің не екенін білмей өседі деп ойлаймын!
Қарлығаш Айтуғанқызы,
#ҚЗПРЕҚҚІҚБбайқауына