Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Берік отбасы – есірткіден алыс

Берік отбасы – есірткіден алыс

Отбасы –  әр бала үшін жылылық,қамқорлық, мейірімге толы ыстық ұя. Біздің отбасымызда үйдің үлкендері отбасының ештеңеге тең келмейтін үлкен, киелі мекен екенін айтып отырады.

Баланың болашағы отбасында алған тәрбиесі мен санасына құйылған ізгіліктерден тұрады. Әке мен ана, бауырдың ерекше махаббаты мен ықыласы баланың жақсы болып өсуіне үлкен көмегін тигізеді. Ата-ананың бала өмірінде алатын орны ерекше. Өмір сүруді, ақ пен қараны ажыратуды, еңбекқорлықты, мейірімділікті барлығын бала ата- анасының тәрбиесінен алады. Бала отбасында көргенін істейді, жанындағы адамдарға қарап үлгі алады. Ата-ана осы сәтте өз жауапкершіліктерін ұғынулары қажет. Баланың отбасынан басқа жақындарының қатарына достары да кіреді. Баланың өсу барысындағы қылықтарына, сөздеріне,әдеттеріне араласатын достарының ықпалы болады. Жанындағы адамдардың ойлау дәрежесі баланың көп нәрсеге көзқарастарын өзгертеді. Сондықтан ата- ана баланың араласатын ортасына мән беріп қарағаны жөн.  

Ата – ананың басында болып жатқан қиындықтардың әкелер зардабы да жетерлік. Осындай сәттерде бала сырттан жылу іздейді. Ал сыртта дұрыс жөн сілтейтіндер аз. Қазіргі жастардың дені есірткі, шылым секілді зиянды заттарға әуестенеді. Есірткі қабылдау өте күрделі,қиын мәселе. Есірткіқабылдаған адам өмірін құртады. Мұндай қателікке бой алу ол білімсіздік, тәрбиенің дұрыс жетіспеуі. Есірткі қабылдаған адам барлығынан бас  тартады, есірткі үшін отбасымен жанжалдасады, олардан алшақтайды. Нағыз берік отбасын бұзатын отбасы мүшелеріндегі қиындықтар. Бір адамның басындағы қиындық барлығына әсер етеді.«Ел болам десең бесігіңді түзе» – деген, жас ұрпақтың отбасы ошағында дұрыс тәрбие алуы тұтас бір елдің көркеюіне әсер етеді. Біздің ойымызша, әрбір адам өз денсаулығын, отбасын жақындарын сақтау үшін зиянды заттардың барлығынан бас тартуы керек. Өтірік айтпау, қиянат жасамау, зиянды әрекеттерге бармау, біздің отбасымыз үшінтыйым салынған заттарға жатады. Біз өз отбасымызды үлгі тұрарлық отбасы деп көрсетеміз. Отбасы мүшелерімен татумыз,бір-бірімізді қатты жақсы көреміз, көмек қолын созуға әзірміз. Біз өз отбасымызды берік отбасы деп айта аламызжәне отбасымызды сақтау үшін есірткі немесе кез  келген зиянды нәрселерден аулақ болатынымызды сеніммен айта аламыз!

Бегалиновтер отбасы,
#ҚЗОПДЕҚҚІҚБ байқауына
15 ақпан 2021 ж. 624 0