Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 8 НАУРЫЗДА ТУҒАН

8 НАУРЫЗДА ТУҒАН

8 наурызды асыға күтетін жандардың бірі – Жұлдыз Есназарова. Өйткені, ол осы мерекеде жарық дүние есігін ашқан. Бүгінгі таңда бала бағбаны болып жүрген мұғалім қос мерекені қатар атап өтеді.
Келешектің тұтқасы болар жастарға сапалы білім, саналы тәрбие беру ісіне машықтанған Жұлдыз 1987 жылы 8 наурызда Тереңөзекте өмірге келген. Ол 2004-2008 жылдар аралығында Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың "Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" факультетінде жоғары білім алып, мерейлі мамандықты игеріп шығады. Осыдан кейін еңбек жолын №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейде бастап, бүгінде білім ордасында бастауыш сыныптарға сабақ беріп келеді. Өз ісінің білгірі – жаңашыл мұғалім. Инновациялық технологияларды қолдана отырып, бала оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін үйренуден жалықпайды. Өз білімділігін арттыру үшін Жұлдыз Жомартқызы "Деңгейлік бағдарлама аясында үшінші деңгей бағдарламасы бойынша", "12 жылдық білімге көшу жағдайында бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастырудағы бастауыш сынып мұғалімі", "Жаңаша білім беру мазмұны" бойынша курстардан өтіп, семинар-тренингтерге, қашықтан оқытуларға қатысып, сертификаттар алған. Қазіргі таңда оқушылары көптеген білім бәсекелерінде жоғары нәтиже көрсетіп жүр.
Осындай ізденімпаз мұғалім көктемнің шуақты мерекесімен қатар келетін туған күнін ерекше атап өтуге тырысады. Қос қуанышта ұжымдастары, ағайын-туыстары Жұлдызға айрықша сыйлықтар жасайды. 

Е.БЕРКІНБАЕВ

06 наурыз 2018 ж. 1 539 2

Гость JeaOrer от 23 ақпан 2019 10:05
Keflex Effects On Pregnancy Fastestshiponcialis Levitra 10mg 12 Stuck cheap cialis online Paxil Progress Success Stories

Гость JeaOrer от 12 наурыз 2019 12:44
Nolvadex Posologie Amitriptyline Buy In Uk Www Cytotec cheapest cialis 20mg Amoxicillin Dosage For Infection