Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мерекелік өлең

Мерекелік өлең

Аудандық газеттің тұрақты оқырмандарының қатарында ардагерлердің үлес салмағы басым. Аға буын өкілдері біздің әр мақаламызға мән беріп, өз пікірлерін білдіріп, кейде редакцияға соғып, орнықты ойларын ортаға салып жатады. Жаңа жыл мерекесіне орай аудандық газеттің тұрақты оқырманы, білім беру саласының ардагері, С.Сейфуллин ауылының тұрғыны Сара Ахметова редакцияға келіп, аудандағы бірқатар азаматқа мерекелік арнау өлең арнағанын айтып, басылымға жариялау үшін ұсынған болатын.

Ауданның беделді кәсіпкері
Расул Есеновке
Тетігін тауып әр істің,
Жалауын тіктің намыстың.
Халыққа адал қызмет етіп,
Алдында жүрсің жарыстың.

***
«Құндызды Жер» ЖШС төрағасы
Бөле­ген Рахметке
Өз ісінің маманы,
Кәсіптің нағыз адамы.
Туған жерді түлетіп,
Алға бассын қадамы.

***
Білім және ғылым қызметкерлері ау­дан­дық кәсіподақ комитетінің төрағасы Алмас Есназарға
Жас ұстазды жетелеп аялаған,
Ардагерге көмегін аямаған.
Сегіз қырлы, бір сырлы, жүрегі от, намысты,
Отбасыңа тілейміз баянды зор табысты.
***
Аудандық білім бөлімінің басшысы Қалихан Омаровқа
Білімді ұрпақ − болашақтың тірегі,
Білімді адам − Отанымның жүрегі.
Бар өмірін білімге арнап жүрген,
Қалихан да сондай жанның бірі еді.
***
Аудандық аурухананың күндізгі емдеу бөлімінің дәрігері Қайрат Ермановқа
Жүзінен мейірім төгілген,
Жүрегінен жылылық көрінген.
Алғысын алып халқыңның,
Аман бол әркез еліңмен.

***
«С.Сейфуллин Жер» ЖШС төрағасы Оңғарбек Саймағамбетовке
Есіміне ісі сай азаматтың,
Көріп жүрміз біз әркез шапағатын.
Жаңа жылда жаңа табыс тілейміз,
Арқалай бер, еліңнің аманатын.

***
Аудандық аурухананың терапия бөлім­шесінің дәрігері Айгүл Жақыпқызына
Алдына барсаң күлімдеп қарсы алатын,
Бізді емдеуге беріліп жан салатын.
Талай жанның алғысын арқалаған,
Дәрігерсің үлгі етіп жар салатын.

***
С.Сейфуллин ауылының жас кәсіпкері Жандос Серікболұлына
Жас келсе іске жаңадан,
Жұмыстың бәрі жаңарған.
Таудай болсын талабың,
Сәт сапар, саған қарағым!


Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне
Аман болса құрлысшы шебер қолдар,
Әлі талай керемет үйлер соғар.
Дәулетіне сәулеті қатар келіп,
Жыл сайын бола берсін қоныс тойлар!

***
«Халыққа қызмет көрсету орталы­ғының» қызметкерлеріне
Бар құжаттың дұрыстығын көретін,
Ісіңді реттеп, бағыт пен бағдар беретін.
Қызмет ететін көпке де, жекеге де,
Мың алғыс саған, халыққа арналған мекеме.

***
С.Сейфуллин ауылының озат механизаторы Болат Ахметовке
Жасыңнан тракторды серік еттің,
Бейнетін, қиындығын көріп өстің.
Зейнетке де шығыпсың, құтты болсын,
Денсаулығың әрқашан мықты болсын.

***
Жеке кәсіпкер Әлібек Емжаровқа
Қашан көрсең қолында кетпен, күрегі,
Ала жаздай таза ауада жүреді.
Аузын ашса жүрегі көрінетін,
Әлібекті жұрттың бәрі біледі.

31 желтоқсан 2020 ж. 468 0