Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызмет «электронды кезек» тәртібімен көрсетіледі

Қызмет «электронды кезек» тәртібімен көрсетіледі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммер­ция­­­­­­лық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының Сырдария аудандық бөлімін аудан тұрғындары «халыққа қызмет көрсету орталығы» деп атайды. тұрғындар құжат дайындау кезінде орталық қызметін пайдаланады. Қазіргі кезде барлық құжат меншік түріне қарамастан аталған орталық арқылы тиісті мекеме немесе бөлімге жіберіледі. жылдың аяқталуына орай бөлім жұмысын үйлестірген басшы Жұмабек Ембергеновке бірнеше сауал қойған едік.

− Жұмабек Әшімұлы, өзіңіз басқаратын бөлім қызметіне аудан тұрғындары жылына кем дегенде бір рет болса да жүгінеді. Қазіргі кезде бөлім жұмысы қалай жасақталғаны туралы айтсаңыз?

− Бөлімде 16 штаттық қызметкер бар. Халыққа қызмет көрсетуге арналған 8 жұмыс орны жасақталған. Оның төртеуінде азамат­тардан құжат қабылданады. Бір жұмыс орны дайын құжаттарды берсе, тағы бірінде жеке куәлік, төлқұжат беріледі. Алты жұмыс орны «Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы», бір жұмыс орны «Құжаттандыру және тіркеу тірке­лімі» бөлімшесіне арналған. Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне және оған теңестірілген азаматтарға кезектен тыс 1 жұмыс орны қызмет көрсетеді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы пандус жасалған және қызметкерді шақырту қондырғысы орнатылған. Қызмет «электронды кезек» тәртібімен көрсетіледі.

Құжаттандыру саласы бойынша «Халықты құжаттандыру және тіркеу пункті» акпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қыз­метке аудандық ішкі істер бөлімінің көші-қон полициясы тобының жауапты 1 қызметкері қызмет көрсетеді. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет­­­­­­­­тер бойынша төлем төлеу үшін «Қазпошта» АҚ-ның Сырдария бөлімінен 1 кассамен қамтамасыз етілген.

Қазіргі таңда мемлекеттік реестр бойынша 698 қызметтің 169-ы корпорация, 621-і «egov» электронды порталы арқылы көрсетілсе, 149-ы қызмет беруші арқылы көрсетіліп отыр.

− Жыл көлемінде азаматтардан қанша өтініш келіп түсті?

− Жыл қорытындысымен азаматтардан 20476 өтініш қабылданды. Оның 20407 азаматтарға табысталды. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардан «Біріңғай байланыс орталығы» арқылы 240 өтініш қабылданып, барлығы орындалды. Айта кету керек, бас тартылған немесе кері қайтарылған құжат болған жоқ. Осы уақыт ішінде байланыс орталығына бөлім қызметкерлерінің атына келіп түскен 52 алғыстың мемлекеттік қызметтің сапалы орындалғанының дәлелі. Сонымен қатар бөлімде «Мобильді ХҚКО» қызметі бар. Іс-сапар кезінде 1508 құжат қабылданып, барлығы өтініш иелеріне тапсырылды.

− Бөлімде «Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы­ның» жұмысы қалай үйлес­­тірілген? Тұрғындар осы сектор­­­дың қыз­метін көбірек пайдаланылатын секілді.

− Дұрыс айтасыз, бөлімдегі «Өзіне-өзі қыз­мет көрсету секторында» 54632 тұрғынға кеңес беріліп, 46172 қызмет көрсетілді. Аудан бойынша 68 азаматқа жүргізуші куәлігі берілді. 14 азаматқа көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, есепке алу және есептен шығару, сондай-ақ көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктер мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру қызметі көрсетілді. «egov mobile» қосымшасын енгізіп, электронды цифрлық қолтаңба 1016 азаматқа орнатылды.

− Азаматтарға жер қатынастары саласы бойынша қандай мемлекеттік қызмет көрсетілді?

− ҚР Әділет министрлігінің 2020 жылғы 6 қазандағы №21366 Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту бұйрығына сәйкес, сала бойынша 15-ке жуық мемлекеттік қызмет «Электрондық үкіметтің» веб порталы арқылы көрсетіліп келеді. Электронды қызмет жүйесін жетілдіру мақсатында халыққа түсіндіру жұмысы үнемі жүргізілуде.

− Бөлім жұмысын ілгерілетуде жасалып жатқан қызметіңізге сәттілік тілейміз. Сұхбатыңызға рахмет!

Рахмет.

Сұхбаттасқан
Бибісара ЖАНӘЛІ

31 желтоқсан 2020 ж. 394 0