Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

«Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Кеше аудан көлемінде  полиция бөлімінің  «Әкімшілік» полиция бөлімшесінің жұмыс жоспарына сәйкес «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.  Аталмыш іс-шара 2021 жылдың 7 қаңтарына дейін жалғасатын болады.

Алдағы мереке күндері аудан тұрғындарына сала мамандары пиротехникалық техникалық заттарды пайдаланға қауіпсіздікті сақтау керектігін ескертеді. Оқыс оқиға болмас үшін барынша қауіпсіздік шараларын назарда ұстаған абзал. Сапасыз өнімдерді пайдаланбаған дұрыс. Әр түрлі дене жарақаты салатын қауіпті заттарды мүмкіндігінше алмаған жөн. Ең алдымен, пиротехникалық техникалық өнімдердің сертификатына мән беру беру керек. Жеке және заңды тұлғаларға төтенше жағдай болдырмау мақсатында іс-шара барысында түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Ең алдымен, тәртіп сақшылары сауда жасауға  Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен, заттармен сауда жасау ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабына сәйкес 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатындығын сала мамандары ескертеді.
16 желтоқсан 2020 ж. 1 000 0